1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №03 (15461) 12 қаңтар, сейсенбі 2010
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
12 қаңтар 2010
Қажекеңдi атажұртқа әкелу – елдiгiмiзге сын

Қытайдағы қазақ әдебиетiнiң негiзiн қалаушылардың бiрi, алты томдық «Қылмыс» романының авторы Қажығұмар Шабданұлының есiмi қазақ оқырмандарына жақсы таныс. Сексеннiң сеңгiрiне шығып, төрiнен көрi жуықтап отырған қарт тарланның туған жерге, азат елге жетсем деген арманы ол кiсiнi әлi жетелеп, демеп келедi. Мен сонау жаугершiлiк заманда Абылайды ата жаудың қолынан аман-есен алып шыққан қаз дауысты Қазыбек бабамыздың ерлiгi мен қазақ елiнiң даналығына әр кез сүйiнемiн және қазiргi еңселi елiмiзден Төле би, қаз дауысты Қазыбек сияқты азаматтардың шығатынына қатты сенемiн. Құдайға шүкiр, қазiр Қытаймен тату көршi, iскер әрiптеспiз. Бұрын-соңды дәл қазiргiдей достығымыз жарасқан, саудамыз сапырылысқан мамыражай заман болған емес. Олай болса, осында туылып, тағдыр-тәлкегiмен қуғын-сүргiнге ұшырап жат елде ғұмыр кешкен жазушымыздың тағдырына неге араша түспеске? Халқымызда «бермейтiн сараң жоқ, сұрауы жетiспейдi» деген даналық сөз бар. Қытайдың саяси билiгiне сын айтқан Фан Лижыны да, саяси айыппен ұзақ мерзiмге сотталып Қытай түрмесiнде жатқан Рәбия Қадырды да АҚШ өкiметi күнi бұрын түрмеден шығарып әкеттi. Оған қарағанда ешқандай саяси жұмыспен айналыспаған, барлық жаза мерзiмдерiн өтеп болған, қаусаған қарт адамды байырғы отаны, бала-шағасының ортасына әкелуге шынында да амал жоқ па? Менiңше, амал көп, тек ынталы жүрек, шынайы ниет жетпей тұр. Әйтпесе, асты-үстi байлығымызды ақтарып берiп жатқан тату көршi, стратегиялық әрiптес елмен сындарлы дипломатиялық келiссөз жүргiзiп, сұрау салсақ, бұл мәселе – шешiлетiн-ақ мәселе. Тiптi болмаса, Халықаралық Кiсiлiк Құқықты Қорғау ұйымдары арқылы да қарт қаламгерiмiздi елге әкелуге болады-ау деп ойлаймын.

Қажекеңнiң тағдырына араша түсу – әрбiр қазақ азаматының борышы, елiмiзге сын. Жоғарыға сөзi өтетiн, қузауға құзiретi жететiн жазушыларымыз (Әбiш Кекiлбайұлы, Төлен Әбдiк және т.б.) бен зиялыларымыз бар емес пе?! Қажекеңнiң «ақырғы аманатын» орындауға олардың толық мүмкiншiлiгi бар деп бiлемiн.
Базарәлi ӘРIПҰЛЫ,
Алматы қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті