1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №68 (15734) 30 тамыз, бейсенбі 2012
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
30 тамыз 2012
Немересiнiң қыңқылынан базардың у-шуы артық

Қабырғалас көршiмнiң үйiнен тағы да айғай-шу естiлiп, тынышымды алған соң, аулаға шыққанмын. Кеш түскенде көршi­лерiмнiң дау-дамайға басатын әдетi соң­ғы уақытта тым жиiлеп кеттi. Келiнi мен енесi тiл табыспайды ма екен, әлде басқалай себебi бар ма, әйтеуiр бұл үйден тыныштық кеткелi бiраз болды. Осылай ойланып отырғанымда, сыртқы есiк ашылып, көр­шiмнiң келiнi шықты. Жүзiнен ренiш­тiң табы байқалады. Жасқа толмаған баласын көтере шығыпты. Үйде қалған енесi мен күйеуiнiң жанжалы әлi тоқтамасын ұқты ма, жаныма келiп жайғасты. “Сiздiң де мазаңызды алдық-ау, ке­шiрiңiзшi...” дедi келiн­шек ақырын ғана. “Отбасы бол­ған соң, ондай жағдайлар болып тұрады ғой. Түсiнемiн ғой”, – дей бер­генiмде, ызаға булығып отырған жас келiн: “Бар дауымыз мына баладан басталды ғой. Жұмысқа шығайын, жалақым тәп-тәуiр. Сiз үйде немереңiз­ге қарап отырсаңыз деп өтiнiш жасағанбыз енеме. Бала қарамаймын, басым ауырады. Оның шуынан, жылағанынан жүйкем тозады деп азар да безер болды. Оның үстiне базардағы жұмысын тастағысы келмейдi. Таң атпай кетiп, шемiшке, сағыз, те­мекi сатып кешке дейiн базарда отырғанда басы да ауырмайды, жүйкесi де тозбайды. Ал үйге келсе, бүкiл ауруы қозып, баламыздың әрбiр қыңқылына шаңқылдап шығады” деп таусыла сөй­ледi. Сыртқы есiктiң ашыл­ғанын байқаған ол жылдам орнынан тұрып кеттi. Қарасы көрiнгеннен үйге зып берген келiннiң орнына келiп жай­ғас­қан енесi әлi сөйлеп отыр. “Тауыпты тегiн “нянканы”! Жұбатуға көнбейтiн әздек баланы қарамадың деп ренжидi. Қайтiп қарарсың, кешке дейiн ызыңдаудан басқаны бiлмесе!? Туса өзi үшiн туды. Маған неге мiндет­сiнедi? Ендi қалған өмiрiм­дi немере бағып өткiзуiм керек пе екен? Бар жұмысымды тастап балаға байланып отырғым кел­мейдi!” деген апай өзi сұрақ қойып, оған өзi жауап берiп жатты. Өз немересiн бағудан гөрi базар жағалауды артық санаған бұл кiсiнi де, оған ренжiген келiнi мен баласын да түсiне алмадым...

Сандуғаш СЕРIКБОЛҚЫЗЫ.
Қарағанды қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті