1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №68 (15734) 30 тамыз, бейсенбі 2012
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
30 тамыз 2012
Пара беруге де ептiлiк керек

Жұрт дабыл қағып дабыра етiп жүрген пара деген пәлекеттiң не екенiн биыл бiлдiм. Дипломымды алған соң, мамандығым бойынша жұмыс iздестiре бастадым. Мен есiгiн қаққан бiр де бiр мектеп жұмыс­қа шақыра қоймады. Табанымнан таусылып, қаладағы бар мектептi аралап шықтым десем, өтiрiк болмас. Қайсысына барсам да, “орын жоқ” деп шығарып салады. Сөйтiп жүргенде курстас құрбым жұмысқа тұрудың жолын айтып, жөн сiлтедi. Құрбымның сөзiне сенсек, мектеп директорына сый-сияпат жасамай, болмаса жоғары жақта көкең отырмаса мұғалiм болмайды екенмiн. Менiң жоғарыда да, төменде де көкем жоқ, болған да емес. Ата-анам мен туылғанда қайтыс болған, тұл жетiммiн. Алайда мен осы мамандық бойынша төрт жыл бiлiм алдым, дипломым бар ғой?! Неге сый-сияпат беруiм керек? Мектеп басшысына берiлетiн ол сыйлық ненiң құрметiне? Менiң бұл сұрақтарыма құрбым әбден күлдi. “Мың жерден бiлiмдi болсаң да, ақшасыз, таныссыз сенi ешкiм жұмысқа алмайды” деп жарты сағат түсiндiрген ол бас­қа жол жоғын айтты. Ойлана келiп, сый-сияпат жасап, жұмысқа тұрмақ болдым. Қалтамдағы бар ақшаға базардан қымбат әшекей бұйым сатып алдым(мен үшiн қымбат саналады). Сөйтiп мектеп директорының қабылдауына кiрдiм. Менi көргеннен ол “өткенде ғана айттым емес пе...” деп бастады сөзiн. “Жоқ, мен сiзбен келiссем деп едiм” деп мiңгiрлей бергенiмде, әлгi директордың жүзi­нен жылт етiп сәуле өткендей көрi­ндi. Ыңғайлана отырған ол маған, мен оған қараймыз. Осылай бiрнеше минут отырдық. Сөмкеме салған қолымды шығара алсамшы. Аяқтарым дiрiлдеп, дәп бiр ұрлық iстегелi отырғандай қиналдым. Қипақтап қанша отырғанымды бiлмеймiн, кенет әлдекiм есiктi қақты да, орнымнан ұшып түрегелген күйi сыртқа шыға жөнелдiм. Аялдамаға жеткенше артыма қарамадым. Өзiмнен ұялдым ба, әлде директордан ба әйтеуiр бiр нәрсе бойымды өртеп келедi...

Қыркүйек айы жақындаған сайын уақыт азайғанын түсiнiп, құрбымның үгiттеумен осылай бiрнеше мектеп басшысына бардым. Өкiнiшке қа­рай, ешбiрiне сөмкемде оралған сыйлығымды бере алмадым.
Ал кеше өзiмдi қайрап, бар күшiмдi салып ораулы затымды қолыма ұстай кiрдiм. Директор алдына қойған әлгiнiң орауын жазып жiбергенде, баяғы қорқыныш тағы қыса бастады. “Мынау немене? Мұны не деп берiп тұрсың? Мұғалi­м­нiң әрбiр сағаты кемi елу доллар тұрады. Ал мынауыңды еден жуатын апайларға бере сал” деп есiктi нұсқады. Бақандай он мың теңгеге алған бұйымымды менсiнбеген директор апайға ма, әлде өзiмнiң дұрыс сыйлық жасай алмағаныма ма, бiлмеймiн, ыза болып жыладым. Болған жайтты естiген құрбым да менi сөктi. Мың долларсыз мұғалiм болу мүмкiн емесiн естiгенде, осы мамандықты таңдағаныма алғаш рет қатты өкiндiм...
 
Сәлеммен КӘМШАТ.
Оңтүстiк Қазақстан облысы. 
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті