1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №57 (15723) 19 шілде, бейсенбі 2012
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
19 шілде 2012
“Арқанкерген”

Оқырман шығармашылығынан

Көкейiмде қаралы ойлар қоздады,
Қаранары қам көңiлдiң боздады.
“Жалған-ай” деп кете барды қан кешiп,
Ойда жоқта “Арқанкерген” боздағы.
 
Оңды-солды шекарада оқ ұшты,
Кiм бастады қанды қырғын соғысты?!
Алыстағы “Арқанкерген” үстiнде,
Боздақтардың тағдырлары тоғысты.
 
Қасқыр ойлар... жан-жағынан талады,
Сан-мың сұрақ жаулап алды сананы.
Қырқып жатыр өркендердiң өркенiн,
Қанат жайып қанды қырғын барады.
 
Қазақ деген қарапайым ел едi,
Қонақжайлық, той-думан ғой қорегi.
Жусан аңқып жататұғын даладан,
Мұрныма қанның исi келедi...
 
Жол екпiнмен жетемiзге жеттi не?
Аяқасты ақылымды тептi не?
Туған елдiң тыныштығы бұзылып,
Шекараның берекесi кеттi ме?
 
Бiз аңсаған бейбiт өмiр, күн қайда,
Белшемiзден неге баттық мұңды ойға?..
Қайғыны да қара нардай қақ бөлiп,
“Жанымыз бiр” демеушi ме едi мұндайда.
 
Көкейiме кептелдi бiр нала-мұң,
Шертпе күйi секiлденiп даламның,
Қарапайым қалың елдiң қайғысын,
Жүрегiме жүктеп алып барамын.
Асқарбек Айдаров,
Алматы қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті