1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №57 (15723) 19 шілде, бейсенбі 2012
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
19 шілде 2012
Ана тiлiмiздi жарытпай жатып...

Жақында ҚР Бiлiм және ғылым министрi Бақытжан Жұмағұлов алдағы жылдың қыркүйек айынан бас­тап Қазақстанда бiрiншi сынып бағдарламасына ағылшын  тiлi енгiзiлетiнiн айтты. “Ендi 4-5 жылдан кейiн бiз кейбiр пәндердi, мәселен,  биология, химия, физиканы мектептерде ағылшын тiлiнде оқытатын боламыз. Оған қазiрден бастап дайындық жасамасақ, уақыт сыр­ғып өте шығады. Жалпы, 2020 жыл­ға қарай кейбiр пәндердi ағылшын тiлiне ауыстырамыз деген ойымыз бар”, – дедi министр. Ендi бiрiншi сыныптан бастап балаларымыз үш тiлде сабақ оқиды. “Ал 2020 жылы әрбiр мектеп бiтiрген бала қазақ тiлiнде сайрап шығады” дедi тағы да министр. Соңғы екi сөйлемдi салыс­тырып көрiңiзшi, министрдiң мұнысын қалай түсiнесiз?

Осыған дейiн қазақ мектебiн бiтiрген қалалық оқушылар шүлдiр­леп тiлiн ұмытып жатыр. 20 жылда қазақ тiлiн мемлекеттiк деңгейге көтерiп, мәртебе бере алмай келемiз. Ендi келiп бiрiншi сыныптан үш тiлмен баланың басын қа­тырсақ не болады? Биыл немерем бес жаста. Қалада тұрамыз. Үйде өзара қазақ тiлiнде сөйлеймiз-ақ. Алайда немерем орыс, ағылшын тiлдерiнде кейбiр заттардың атауын бiледi. Мұны баланың жетiстiгi деп қуануға болар едi. Егер сол немере­м ана тiлiндегi кейбiр сөздердi орыс, ағылшынша шатыстырып жатпаса. Көз алдыңда мәңгүрт өсiп келе жатқанына осыдан кейiн сенбей көрiңiз. Шет тiлдерiн балабақшадан үйрен­дi дейiн десең, немерем бақшаға бармайды. Оны шүлдiр­леткен – теледидардағы мультфильмдер мен ауладағы достары. Қазақстандық телеарнаның қайсысында болмасын ұлттық нақыштағы балаларға ар­нал­ған бағдарлама таппайсыз. “Сая­хатшы Даша”, “Диего”, “Кайлян” сияқты қазақ тiлiне аударыл­ған мультфильмдер бар. Өкiнiш­ке қарай, олардың бiрде-бiрi қазақ баласына ұлттық бiлiм бермейдi. Мiне, осы мульфильмдердi көрiп өс­кен әлгi немерем үш тiлдi “меңгер­генi” сондай, кейде ана тiлiнде ойын дұрыс жеткiзе алмайды. Ал келесi жылы ол мектепке баруға тиiс. Ары қарай немеремнiң кiмге айналатынын ойлаудың өзi қорқынышты. Осыған дейiн де қоғамда үш тiлде оқыту жүйесiне қарсылық таныт­қандар өте көп болды. Неге? Өйткенi ана тiлiн толық меңгерiп, санасына сiңiрмейiнше, балаға шет тiлiн оқытуға болмайды. Мұны бiз сияқты қарапайым адам емес, бiлiмдi, бiлiктi азаматтар да айтты. Тiптi, ең дамыған мемлекет Жапонияның өзiнде он жасқа дейiн балаға тек ұлттық бағытта оқу-тәрбиесiн бередi екен. Сонда қазақстандық шенеу­нiктер жапондардан ақылды болғаны ма? Менiңше, “асатпай жатып құлдық ұратын” бiздегi шенеунiктер жаңалық ойлап тапқанына мәз сия­қты. Ал ұрпақтың болашағы оларға маңызды емес. Егер ертеңi үшiн алаңдаса, бiлiм министрлiгi мынадай оқыту жүйесiн мектеп бағдарламасына енгiзбес едi.
 
Ш.ҚАЛДЫБАЕВА,
Қарағанды қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті