1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №104 (15458) 31 желтоқсан, бейсенбі 2009
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
31 желтоқсан 2009
Сыныптастарым менiң!..

Иә, бiздiң мектеп қабырғасынан ұшқанымызға да жарты ғасырдай уақыт болыпты. Кейде жасыңның ұлғайып, егде тартқаныңды да мойындағың келмейдi. Әсiресе, бiр кездегi достарыңмен қауышқанда, жастық шағыңды еске алып, мәре-сәре боп қалғаныңда шашыңа ақ түсiп, ата-әже атанғаның есiңнен шығып кетедi екен. Үлкен кiсiлердiң «көңiл жас» дегендерi осы-ау, шамасы. 

Жақында Алматы қаласындағы №12 гимназия­ның 85 жылдық мерейтойында сыныптастар кездесуi болды. Гимназия басшылығы 1956 – 66 жылдар аралығындағы түлектердi мектеп қабырғасына жинаған екен. Ә.Дүйсенова, Р.Нұртазина, Ә.Елкебаева, Л.Измаилова, тағы да басқа апайларымызды еске алдық. №12 гимназия бiз оқып жүрген кезде мектеп интернат болатын. Интернатта көбiнесе жетiмдер жататын. Мен онда Қамила Әбуқызымен достастым. Екеумiздiң де әкелерiмiз соғыстан оралмады. Ал аналарымыз бiздiң бiлiмдi болуымызды қалады. Анам он құрсақ көтерген адам. Түрлi себептермен 9 бауырым шетiнеп кетiп, мен аман қалдым. Қамиламен достығымыз әлi үзiлген жоқ. Өмiрдiң ащысын да, тұщысын да бiрге өткердiк. «Бауырым жоқ» деп айта алмаймын, менiң бауырым – Қамила.
Сыныптастарымның iшiнде жиырмадан астам ұл-қыз жоғары бiлiм алды. Бәрiмiздiң арманымыз – асқақ, мақсатымыз биiк едi. Мектепте жүрiп, алау­лап алғашқы махаббатқа шарпылған, есейе келе отбасын құрған бiрнеше ұл-қыздар (қазiргi ата-әжелер) ортаға шығып вальс биледiк. Бiр кездерi алғашқы махаббатымыз болған жiгiттердiң көздерi от шашып, бiздi ыстық ықыласқа бөлегендей болды осы кеште. Мен 1962 жылы сыныптасым Сұлтан Жекеновке күйеуге шығып едiм. Екеумiзге достар ортақ болған соң ба, бар қуанышымызды, қайғымызды сыныптастарымызбен бiрге бөлiстiк. Олардың қиын сәтте бiзге қолұшын берген кездерiн қалай ұмытайық. Тұрсынбек Нұрпейiсов, Амантай Нұрпейiсов, Болат Шабдукаримов, Анаркүл Садықанова, Тоқберген Жауаров, Жеңiс Қашқынов... Сыныптастарым менiң! Көздерi тiрiсi бар, қайтыс болғандары бар... Интернатта қара нанды қақ бөлiп жеп, талай қызықты бiрге өткiзген сыныптастарым бiздiң үйге жиналып, бiр марқайып қалушы едiк.
Жастық шағымызға саяхат жасап, сол кездердi сағына еске алғанымыз үшiн, сыныптастардың басын қосқаны үшiн №12 гимназия ұжымына алғысымыз шексiз.
 
Бәйгiбала Әскенқызы,
КСРО және ҚР Халық ағарту iсiнiң озаты,
Жаңаталап ауылы,
Iле ауданы,
Алматы облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті