1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №104 (15458) 31 желтоқсан, бейсенбі 2009
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
31 желтоқсан 2009
Үш конверт және әкiм

Бiздiң жамбылдықтар үшiн Сиыр жылындағы үлкен жаңалық әрине, облыс әкiмiнiң ауысуы болды. Кеткен әкiмдi жамандап, келген әкiмдi мақтайын деп отырғаным жоқ. Тек әкiм ауыс­қан сайын мына бiр әңгiме есiме түседi. Рас болса, осы оқиғаны жұрт Оңтүстiк өңiрiнде болған деседi. Кiм бiлген, бiрақ Құдай мұндай жемқор әкiмдерден сақтасын. Бiр облыстың әкiмi орнынан түсiп, жаңа әкiм тағайындалады. Жаңа әкiмге бұрынғысы келiп, қолын алып құттықтап, қолына аузы желiмделген үш конверт бередi. Бұған аң-таң болған жаңа әкiмге ол:

– Бұл саған керек болады. Жұмысың жүрмей, әбден тығырыққа тiрелгенде бiртiндеп ашарсың. Көмектеседi, – дейдi. “Ә, мейлi” деп мән берместен әкiм оны тартпасына тастай салады. Содан бiршама уақыт өтедi. Жаңа әкiм жұмысының алғашқы жемiсiн көретiн кез де келедi. Бiрақ қанша шапқыласа да әкiмнiң жұмысы жүрмей-ақ қояды. Анау жетпейдi, мынау жетпейдi. Ақырында әкiмге халық наразы болып, көтерiле бастайды.
Сондай қысылтаяң күндердiң бiрiнде әкiм амалсыздан баяғы үш конверттiң бiрiншiсiн ашады. “Iшiп қойыпты, жеп қойыпты” деп менi, яғни бұрынғы әкiмдi жамандай бер” деп жазылыпты онда. Содан бас салып жаңа әкiм бұрынғы әкiмдi жамандай жөнеледi.
– Iшiп, жеп қойған. Орнын толтыра алмай жатырмыз...
Халық бiршама басылады. Зымырап тағы да екi-үш ай өтедi. Ал, әкiм жұмысының еш нәтижесi жоқ. Халық қайтадан толқи бастайды.
Сондай күндердiң тағы бiрiн­де екiншi конверт ашылады. “Тек уәде бере бер. Ананы да, мынаны да орындаймын деп халықтың алдында уәденi үйiп төк”. Екiншi конвертте осылай деп жазылыпты.
Содан уәде беру басталады. Халықтың бар мұң-мұқтажын орындауға уәденi барынша үйiп- төгедi. Халық қол шапалақтап, риза болып, жөндерiне тарқайды.
Уақытты ұстап тұру мүмкiн емес. Зу етiп екi-үш ай тағы өте шығады. Бiрақ орындалған уәделер жоқ. Халық ендi шындап көтерiледi. Қатты сасқан әкiм үшiншi конвертке қол салады. “Бiттi. Болды. Қызметiңнен ке­тесiң. Өзiңнен кейiнгi әкiмге осындай үш хат дайындай бер” деп жазылыпты соңғы хатта. Сөйтiп, жаңа әкiм де алдыңғысының жолымен қызметiнен түскен екен. Ал бұрынғы әкiм қызметке тағайындалғанда өзi­нен бұрынғы әкiмнiң iшкен-жегенiн жабамын деп, соңы уәденi үйiп-төгуге айналып, орнынан түскен екен. Содан барып үш конверт дайындау ойына келiптi. Қалай айтсақ та мұндай оқиға ендi қайталанбасын деп тiлейiк.
 
Арыстан ҚОЖАМҚҰЛОВ,
Байзақ ауданы,
Жамбыл облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті