1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №39 (15705) 17 мамыр, бейсенбі 2012
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
17 мамыр 2012
Жастардың болашағы бұлыңғыр...

Кеңес одағы кезiнде 2 бұзаулы сиыр, 30 шақты қой-ешкiсi бар азаматтар бақуатты отбасы болып саналатын. Бiр отбасында қанша жұмысқа жарамды жан болса, барлығы жұмысқа тартылатын. Мал қосымша табыс көзi болып есептелетiн. Адам ағзасына керектi кальций, темiр, йод, крахмал және т.б. витаминдерге бай ет, сүт, айран, iрiмшiк, қаймақ, қазы-қарта, қымыз, шұбат әр дастарқанда тұратын. Қазiргi таңда ауыл адамдары, әсiресе, балалар бұл тағамдарды түсiнде ғана көредi. Қымбатшылық қос бүйiрден қысып тұрған заманда, қорасында тышқақ лағы жоқ, тек зейнетақы мен балалардың жәрдемақысымен күн көрiп отырған отбасылардың тыныс-тiршiлiгiн көз алдыңызға елестетiп көрiңiзшi. Нәтижесiнде туғаннан майтабан, қаны аздық, жүйкесi дұрыс емес, аурушаң, салмақсыз балалар өмiрге келуде. Осындай кемiстiкпен туған жастар әскер қатарына шақырылғанымен, 60-70 пайызы денсаулықтары жарамай, дәрiгерлiк сараптамадан өте алмауда. Бұл жайлар үкiметтi ойланту керек едi, алайда билiк самарқаулық танытуда.

Жастардың келешегiн ойламаған билiктен қандай жақсылық күтуге болады? Ел басына күн туған жағдайда, елiмiздi, жерiмiздi жаудан қорғайтын шыныққан, денсаулығы мықты жас­тар керек емес пе? Бұ­рын көшпендiлер заманында да ата-бабаларымыз “ас адамның арқауы” деген қағиданы ұстанған. Олар қазы-қарта, жал-жая, қы­мыз, шұбат, айран, сүт, қаймақ, iрiмшiк, құрт сияқты күштi тағамдардың арқасында ауырмай, сыздамай, жаудан елiмiздi, жерiмiздi қорғап келгенiне өткен тарих куә.
Қазақта “ораза-намаз тоқтықта” деп бекер айтылмаған. Тұрақты жұмыстың болмауы, жетiспеушiлiк, дұрыс тамақтанбау жастардың нерв жүйесiне керi әсер етедi. Олардың келешекке деген сенiмiн жоғалтып, нашақорлыққа, iшiм­дiкке бой ұруына, өзiне-өзi қол жұмсауына әкелiп соғады. Оны күнделiктi өмiрден көрiп те, бiлiп те жүрмiз. Ауыл жастарының болашағы бұлыңғыр...
 
Қабылан Көрпебаев,
Мойынқұм ауданы,
Жамбыл облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті