1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №35-36 (15701-02) 8 мамыр, сейсенбі 2012
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
8 мамыр 2012
Құран бағыштау да саясатқа айналған ба?

Өткен аптада жамағайынымыз үлкен ас берiп, сонда болдық. Алдымызға тамақ келгенде ауыл молдасы тамағын кенеп, Құран оқуға кiрiстi. Бата қайырар тұста молдекемнiң қылығы менi елең еткiздi. Ас берушiнiң үрiм-бұтағын ерiнбей атап шыққан молда елiмiздiң президентiнен бастап, шендi шекпендiлердiң бүкiл ата-бабаларына әлгi Құраннан бағыштады. Құранның бағышталуы саясиланыпты. Осы ойымды бата қайырып, асқа қол салғанда молдекеңе жұқалап жеткiздiм. “Ел халқының осынау бейбiтшiлiк пен мамыражай күн кешуi президент пен оның командасының арқасында. Олардың ата-бабасына қалай Құран бағыштамасқа?” дедi ол. Қапелiмде не айтарымды бiлмей, дал болдым. Үй егесi сөзге араласып: “Бұл тапсырысты мен бердiм. Қазiргi билiктiң арқасында Құдайға шүкiр, күйiм қуатты, жағдайым жақсы...” деп саусағын жоғарыға шошайтты. Атамыз­ға аңырып қарап, таң-тамаша болдым. “Ақыры разылықты бiлдiру керек болса, неге елiн қорғап, жерiн сақтаған бүкiл қазақ батырларын да қостырмадыңыз”, – дедiм қиқарланып. Қолын бiр сiлтеген туысым: “Олардың қайсыбiрiн атап шығарсың. Оның үстiне рулас еместерi қаншама?!” – дедi. Менi екеулеп жеңгенiне масаттанды ма, желпiнген молдамыз: “Дұрыс, дұрыс” деп басын шұлғыды. Сонда Құранның өзiн “көңiлi соққан кiсiлер мен солардың арғы тегiне” бағыштау қайдан шыққан “мода”? Дiнiмiздi бiр iзге салмай, осындай бүйректен сирақ шығарғыштардың азаймасы анық. Әркiм өз бiлгенiн өзгеге таңып, таза дiннiң де дал-дұлын шығармасына кiм кепiл?

Сейiтжаппар ҚАЗЫХАНҰЛЫ,
Үржар ауданы,
Шығыс Қазақстан облысы. 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті