1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №35-36 (15701-02) 8 мамыр, сейсенбі 2012
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
8 мамыр 2012
В.Кимнiң айлығы – әр қазақтың арманы

“Қазақмыс” корпорациясы директорлар кеңесiнiң төрағасы Владимир Кимнiң жылдық жалақысы 1 мил­лион 800 мың доллар екен. Есепшотқа салып көрсеңiз, бұл кiсiнiң айлық табысы 90 мың доллар, яғни, 13 миллион теңге! Кимнiң қалтасына көз сүзу әдепсiздiк, әрине. Алайда 13 000 теңгеге телмiрген уақытта миллиондардың дыбысына ерiксiз елеңдейдi екенсiз. Сықиған сандық мәлiмет беретiн статистика агенттiгi таяуда ғана Қазақстандағы ең жоғары жалақы алатын облыстарды тiзiп көрсеттi. Ерiнбей қарап шықтым. Тiзiмнiң соңына дейiн әрең шыдадым. Себебi, жалақығы жарып, қарық болған облыстардың iшiнде мұнайшылары ереуiлдеп, халқы оққа ұшқан Маңғыстау облысы да жүр. Әлгi агенттiк мұнайлы өлкедегi шетелдiктердiң жалақысын орташа көрсеткiш етiп алған. Әйтпесе, қалтасы қалың, қарны тоқ адам ереуiлге шықпасы анық. Осындай мәлiметтен кейiн статагенттiк те қарап жатпай, әлеуметтiк тұрмысы төмен өңiрлердi тiзiптi. Жалақысы жоғары деген әлгi облыстар ендi тұрмысы өте төмен аймақтар қатарына “өтiптi”. Батыс, Оңтүстiк Қазақстан облыстары жұмыссыздық, кедейшiлiк жөнiнде он пайыздан астам көрсеткiшпен алдыңғы шепте тұр.

Бiр ғана кәрiстiң алатын айлығына Қарағанды облысындағы Приозерск қаласының барша тұрғындарын қарық қылуға болады екен. Мәселен, әр тұрғынға айы­на Кимнiң 13 миллионынан 130 мың теңгеден бөлiп берсе, былтырғыдай аязды күнi халық суықтан қалтырамас едi. Бұдан басқа, әлгi миллиондар бүтiндей бiр қаланың көптеген көкейкестi мәселесiн шешуге жетiп артылады. Қазақтың мысынан миллионды уысына қысқан Ким неткен бақытты едi дейсiң амалсыз. Бiр жылда Қазақстанның кез келген қаласынан таңдап жүрiп он екi пәтер алуға мүмкiндiгi бар. Баспанасы ең қымбат саналатын Астана мен Алматының өзiнен кемiнде екi бөлмелi үй алуына болады екен. Ал “Қазақмыстың” негiзгi қожасы саналатын қазақтың кешкен күйi кiсi аярлық. Барлығынан өкiнiштiсi, миллиондар мен мыстар кәрiс қожасымен бiрге кетедi. Артында қалатын бiздер топырақ шұқып қаларымыз анық.
 
Сәкен ЕСЕНТАЕВ,
Қарқаралы ауданы,   
 Қарағанды облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті