1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №35-36 (15701-02) 8 мамыр, сейсенбі 2012
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
8 мамыр 2012
Балам жаланың құрбаны болып кетпесiн

ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Б.Бекназаров, ҚР бас прокурорыА.Дауылбаев, ҚР Iшкi iстер министрi Қ.Қасымов, Маңғыстауоблысының әкiмi Б.Мұхаммеджанов мырзаларға

АШЫҚ ХАТ
Құрметтi министр мырзалар!
Сiздер Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарының қатаң сақталуының негiзгi кепiлiсiздер. Сонымен қатар президенттiң сенiмдi серi­гiсiздер. Сiздерге жазылған хаттардан нәтиже болмаса, қарапайым халықтың мемлекетке деген сенiмiне сызат түсетiнi белгiлi. Мен өтiнiшiмдi сiздерге жазбастан бұрын, Жаңаөзен қаласының әкiмiне, прокурорына, Маңғыстау облысының прокуроры С.Бекбосыновқа, Маңғыстау IIД бастығы М.Жаманбаевқа және өздерiңiзге бiрнеше рет арыз жаздым. Бiрақ ол арыздардан нәтиже болмағандықтан, мүмкiн, өтiнiшiм сiздерге жетпеген шығар деген оймен газет арқылы ашық хат жолдағанды жөн көрдiм.
Мен, Өзденбаева Айсұлу Жаңаөзен қаласында тұрамын. Балам Өзденбаев Нұраддин 1991 жылы туылған. Оны 2012 жылы ақпан айының 17-сi күнi Жаңа­өзен қаласындағы “Айсұлтан” мейманханасының алдында Жаңаөзен қаласының iшкi iстер бөлiмiнiң полиция қызметкерлерi темекi тартып тұрған жерiнен ұстап алып кеткен. Хабарды естiгеннен соң сол күнi түнгi сағат 24-тер шамасында iшкi iстер бөлiмiнiң ғимаратына барғанмын. Сол күнi таңғы 5-ке дейiн далада тұрдым. Полиция қызмет­керлерi балам жөнiнде ешқандай хабар берген жоқ. 18 ақпан күнi балама iшкi iстер бөлiмiнiң қызметкерлерiне қол көтердi деген айып тағылғанын айтты. Содан бастап уақытша ұстау абақтысына қамады. 25 ақпан күнi полиция қызмет­керлерiнен баламды көруге рұқсат алып бардым. Баламмен кездескенiмде полиция қызметкерлерiнiң соққысынан баламның сол жақ көзiнiң көрмейтiндiгiн айтты. Баламның жасамаған қылмысын мойындату үшiн қатты ұрып-соққан. Қазiргi таңда баламның сол жақ көзi соққының салдарынан көрмей қалды. Iшкi iстер бөлiмi­нiң қызметкерлерi өз­дерiнiң заңсыз қылмысын жасыру мақсатында Алматы қаласына баламның көзiне операция жасау үшiн квота дайындатып жатқанын сол кезде ұлымнан естiдiм. Бiрақ құзырлы органдар бұл жайдан менi хабардар еткен жоқ. Полиция қыз­мет­керлерi өзiнiң заңсыз әрекет­терiн жабу үшiн “полиция қызметкерлерiне қол көтердi, балағаттады” деп жала жауып, өздерi сол арқылы жауап­кершiлiктен жалтарып, менiң баламды нақақтан-нақақ соттатпақшы.
Менiң өздерiңiзден басқа шағымданар жерiм қалған жоқ. Өткен жылғы 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында полиция қызметкерлерiнiң қызмет баптарын асыра пайдаланып, соның салдарынанжүздеген адамның жарақаттанып, 17 адамның қайтыс болғанын өздерiңiз жақсы бiлесiздер. Талай жастарға iсте­меген қылмысын iстедi деп абақтыға отырғызғанын көрiп, бiлiп жүрмiз.
Менiң балам да осылайша жаланың құрбаны болып кетiп барады. 10 мамыр күнi балама қатысты сот басталады. Күндiз күлкiден, түнде ұйқыдан айырылдым. Перзентiмнiң кiнә­сiздiгiн аналық жүрегiм жақсы сезедi. Ең соңғы үмiтпен өз­дерiңiзге хат жолдап отырмын. Нақақтан балам сотталып кете берсе, өздерiңiз араша түс­песеңiздер, қарапайым халықтың мемлекетке деген, президентке деген сенiмi қалай болады?
 
Арыз иесi Өзденбаева Бақытқызы,
Шұғыла шағынауданы 28 үй, 50 пәтер.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті