1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №21 (15687) 15 наурыз, бейсенбі 2012
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
15 наурыз 2012
“Көмектесiңдершi, шошқа өлгелi жатыр!”

Мойынқұм ауданының Бiрлiк ауылында ұзақ жылдар шопыр болып жұмыс iстеген Амантай Нұржаубаев деген отағасы тұрады. Әбекең жүрген жерiнде көпшiлiктi күлкiге көмiп жүредi. Бiр күнi Көктерек ауылының азаматы Тоқташ Амантайдың машинасына ауылдың немiстерiнен етке өткiзетiн шошқаларды тиеп алып Жамбылдағы ет комбинатына жиналмай ма. “Жол жүретiнiмiзге қарамастан екеумiз де ащы судан әжеп­тәуiр сiлтедiк, –   деп еске алады сол бiр күндi Тоқташ. – Түн жарымы ауа жолға шық­қанбыз. “Таңертең Жамбылға жетiп, доңыздарды аман-есен өткiзсек” деген үмiтiмiз де бар.

Меркiден өте берiстегi бекетте 3-4 МАИ қызмет­керi тұр екен. Қызыл таяқ та шошаң ете көтерiлдi. “Қап, мыналар пәле болды ғой”, – деп қалтамнан ақша шығарып санай бастағанмын. Амантай едәуiр өтiңкiреп барып тоқтап, шошқаларды бiр-бiрiне қағыстырып iстiк темiрмен сұққылайды. Олар шыңғырған сайын “ағатайлар, пышақтарың бар ма, бiр шошқа өлгелi жатыр, бауыздасып жiберiңдершi”, деп әртiстерше жыларман халмен жалына бастайды. Шошқаға жақындауға “үстiмiз былғанып қалар...” деп қызыл жағалылар қорықса керек: “Пышағымыз жоқ, жүре берiңдер” демесi бар ма?! Сөйтiп, ойда-жоқта шығынданудан аман қалдық”.
 
Мәкен Уақтегi,
Төле би ауылы,
Жамбыл облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті