1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №21 (15687) 15 наурыз, бейсенбі 2012
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
15 наурыз 2012
Ата-анамның қызықтары

Менiң ата-анам қызық жандар едi. Әкем бiртоға, көп сөйлемейтiн адам. Ал шешем, керiсiнше, күйгелек кiсi. Әкем әлдене айтып болғанша, апам бiрнеше нәрсенi айтып, соңында жа­уап бермеген шалына ұрсып та алатын.

Бiрде ауылға бардым. Сонда бiр қызық жағдайдың куәсi болдым. Екеуi кешкiсiн жаңа киiмдерiн дайындап, мәсi-кебiсiн қайта-қайта сүртiп, қатты әбiгерлендi. Көршi ауылда шiлдехана болады екен, соған дайындалыпты.
Ертесiне таң атпай жатып жолға шығып кеткен. Түс қайта аулада үйдiң тiршiлiгiн iстеп жүргенбiз. Кенет қақпадан әкем жалғыз кiрiп келдi. Әлденеге ренжiген сияқты. “Апам қайда?” дегенiмiзге, “келе жатыр” деп қысқа жауап бердi де үйге кiрiп кеттi. “Бұларға не болды екен?” – деп алаңдай бас­тадық. Әлден уақытта апам келдi. Бiздiң сұраулы жүзiмiзге мән бермеген ол “шал қайда?” дедi. Үй жақты ыммен нұсқадық. “Осы шалдан-ақ күйдiм. Ылғи осылай “позорымды” шығарады да жүредi”, – деп ренiшiн айта бастаған шешем көпке дейiн тоқтай алмады. Не болғанын сұраған бiзге жауап та бермедi. Әлден уақытта: “Әй, шал, қайдасың? Сен менi түсiнбей қалдың”, – деп үйге беттедi. Ендi не болар екен деп тұрғанымызда, екеуi үйден қолтықтасып қайта шығып келе жатыр. Әкем бала сияқты тартыншақтап, жұлқынып қояды. Ал шешей болса, бiрдеңенi айтып, мәз болуда.
Сөйтсек, әдемi киiмдерiн киiп, жасанып шыққан қос қа­рия­ның көңiл-күйi шiлдеха­надан қайтып келе жатып бұзылыпты ғой. Ауылға кiре берiсте тiк қия болатын. Сол жерге жеткенде апам шалына қолынан демеп ұстауды өтiнедi. Бiрақ алға қарай ентелей түсiп келе жатқанда, екпiнмен екеуi де ұшып түсiптi. Сары топыраққа бұрқ еткен екеуi сол жерде-ақ кiнәнi бiр-бiрiнен iздейдi ғой баяғы. Әкемiз: “Қолыңды қатты ұстадым. Өзiң тайып кетiп, менi де құлаттың” десе, шешем бой бермейдi. “Менiң қолымды мықтап ұстағаныңда, олай масқара боп құламас едiк” деп кiнәлай берген соң, шешейдi демеп тұрғызбаған әкемiз кетiп қалыпты. Ренжiген түрi ғой. Топыраққа көмiлiп қалған бiр кебiсiне қарамай кетiп қалған шалына ызаланған шешем сол жерде бiраз отырады. Сосын амал жоқ, шалының керi қайтпасын бiлген соң үйге келген. Бiз қыран-топан күлкiге баттық. Бiздiң күлге­нiмiзге ызаланған әкем бақша жаққа кетiп қалды. “Кебiсiңдi тауып әкел” деп шешем оның соңынан кеттi.
Шал мен кемпiрдiң жылтырақ киiмдерiмен омақаса құлап, шаңға көмiлiп жатқанын елестетiп, сол күнi кешке дейiн күлкiмiздi тыя алмадық...
...Жасыма жас қосылған сайын ата-анаға деген сағынышым үдей түсуде. Жиi-жиi еске аламын. Олардың әрбiр қы­лығы, айтқан әңгiмелерi ойдан еш кетер емес.
 
Шолпан Байымбетова,
Павлодар облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті