1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №21 (15687) 15 наурыз, бейсенбі 2012
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
15 наурыз 2012
“Дәрiгерлер менiң балама қастық жасап жүрген жоқ па?”

Менiң қызым алғашқы егуден (прививка) кейiн ауыр жағдайда құрысу синдромымен ауруханаға түстi. Қазiр он бiр жасқа толды, әлi күнге дейiн аурухана есiгiн қағумен келемiз. Баламызға қойыл­ған диагноз да сенiмсiз. Ауылдағы амбулаториялық ауруханадан түк пайда жоқ. Олар әйелiмдi босандыр­ғанда, нәрестенiң бiр жамбасының шығып кеткенiн байқамаған. Оны бiр жыл екi ай өткенде (тiптi аудандық дәрiгерлер де бiлмеген) үйге қонаққа келген әжей: “Әй, мына баланың жамбасы шығып кеткен ғой” дедi. Содан кейiн ғана Ақтөбеге апарып гипс салдырттық. Анасы науқас баласын сүйрелеп, дәрiгерлердiң алдын бiрнеше жыл бойы тоздырды. Онысынан еш нәтиже шықпады. Ақыры өзiнiң жүрегiне ота жасалды. Балаға үзбей iшуге кеңес берiлген “ламиктал” дәрiсi қызымызды құрысудан (судорога) шығармай қойды. Тiптi жақтарына дейiн құрысып тамақ iшуден қалды. Ламикталдың бәрiн жиып, отқа тастағаннан кейiн жағдайы бiршама түзелдi. Кейде “дәрiгерлер менiң балама қастық жасап жүрген жоқ па?” деп ойлаймын. Мысалы, жергiлiктi МӘС қызметкерi Мәжитова ханым: “Сiздердi бұдан былай психатрия бөлiмi қарайды”, – деп, неврология бөлiмiнен автоматты түрде шығарып тастады. Содан берi неврология бөлiмiнiң дәрiгерлерi қарамайтын болды. Бұл бiзге өте ауыр тидi. Қай ата-ана баласын жындыханаға жатқызғысы келедi дейсiз. Оның үстiне Ақтөбе қаласына барып үй-күйсiз сығанша қаңғып, ауруханаларды жағалау бiздi әбден қажытты.

Бала құқықтарының декларациясында, “бала туғанға дейiн және туғаннан кейiн де, тәнi мен ақыл-ойының жетiлмегенiне байланысты, арнайы қорғау мен қамқорлыққа, оның iшiнде тиiстi құқықтық қорғауға мұқтаж” деп көрсетiлген. “Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеу­меттiк қорғау туралы” 2005 жыл­ 13 сәуiрдегi №39 заңын басшылыққа алып, мүгедек қызымды үздiксiз емдету және оны оңалтудың кешендi бағдарламасы, оңалтудың жеке бағдарламасы тұрғысында ерекше құ­қықтары мен қажеттiлiк мәсе­лелерiн қамту мақсатында облыс әкiмiнiң атына Ақтөбе қаласынан үй сұрап жазған өтiнiштерiм аяқсыз қалды. Облыс әкiмiнiң атына соңғы жазған арызымда (21.12.2011 жыл) облыс әкiмшi­лi­гiнiң өздерiнiң жауап беруiн талап еткенмiн. Себебi “Бала құқықтары туралы конвенцияның” 23-бабының 2-тармағында: “қатысушы мемлекеттер жарымжан баланың ерекше қамқорлыққа құқылы екен­iн мойындап, көмек сұралып арыз берiл­ген жағдайда және де егер баланың денсаулығы мен ата-анасы немесе балаға қамқорлықты қамтамасыз ететiн басқа тұлғалардың хал-ахуалы арызға сәйкес бол­ған күнде, бала мен оның қам­қоршысына, ресурс мүмкiндiкте­рiне қарай жәрдем берудi қолдап, қамтамасыз етедi” деп жазылған. Арызға облыс әкiмшiлiгi “ҚР Тұрғын үй қатынастары туралы” заңына сiлтеме жасай отырып, жауап қайтарған. Онда менiң түсiнiгiм бойынша ауылдың мүгедектерi мен қаланың мүгедектерiне екi түрлi құқық берiлген, яғни бақытына орай мүгедек қалада тұрып жатса, оның үздiксiз емделуiне, оңалту бағдарламарына қатысуына ерекше мүмкiндiгi бар. Себебi қалада арнайы мекемелер мен ұйымдар, ауруханалар, бiлiктi дәрiгерлер бар. Бiздiң бала секiлдi маңдайының соры бес елi болса, ауылда тұрып барлық мүмкiндiк атаулыдан жұрдай болар. Себебi ауылдың аты ауыл. Ең қарапайымы, бiздiң ауылда дұрыс стационарлық аурухана да жоқ. Осыған қарап, ауылдың деправацияға ұшыраған мүгедек баласының құқының қаншалықты қорғалып, мемлекет тарапынан қаншалықты қамқорлық жасалып жатқанын бiле берiңiз. Үкiметтен шығып жатқан қаулылардан бастап мүгедек­тердiң құқын қорғау немесе әлеуметтiк көмектер туралы қандай да бiр шаралар бiздiң балаларымыз үшiн көк сандықтан көрiп, естiп-бiлетiн жағымды жаңалықтардың бiрi ғана.
“Ақтөбе облыстық ПМПК” мемлекеттiк мекемесiнiң №4942 қорытындысында көрсетiлген медициналық көмектер, бiлiм беру бағдарламасынан көмектер, әлеуметтiк көмектердiң бiздiң баламыз үшiн көк тиындық құны болмай тұр. Ең қарапайымы, мүгедекке тиесiлi техникалық құралдарды ала алмай отырмыз. Тиiстi мекемелер мүгедек балаға қарапайым кресло-коляска бермей отырғанда, облыс әкiмшiлiгi үй берiп, қайдан қамқорлық жасасын деп ойлаймын. Жалпы алғанда, менiң мүгедек қызымның құқын тиiстi құзырлы мекемелердiң барлығы аяқтарының астына салып, езгiлеп таптап отыр. ҚР Үкiметiнiң 2005 жыл 21 желтоқсандағы №1266 қаулысында: 1. “Үйлес­тiру кеңесi мүге­дектердi әлеу­меттiк қорғау мә­се­лелерi жөнiнде ұсыныстар мен ұстанымдар әзiрлеу, мүгедек­тердi әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ету, олардың тыныс-тiршiлiгi мен қоғамға етене араласуы үшiн тең мүмкiндiктер жасау мәсе­лелерi бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың, мү­ге­дек­тердiң қоғамдық бiрлестiк­терiнiң өзара iс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында құрылды” деп жазылған. Сондықтан менiң қызым және сол секiлдi мыңдаған ауыл мүгедек балаларының құқығының шектелуiнiң басты факторы болып отырған “ҚР Тұрғын үй қатынастары туралы” заңына өзгертулер мен толықтырулар енгiзуге ұсыныс жасауларыңызды өтiнемiн! Себебi, менiң мүмкiндiгi шектеулi қызымның Ақтөбе қаласында тұру мүмкiн­дiгi шектелмеген жағдайда неғұрлым жетiлдiрiлген денсаулық сақтау жүйесiнiң қызметi мен және денсаулығын сауықтыру, сондай-ақ емдеу тәсiлдерiмен пайдалану құқығы шектелмеген болар едi. “Тұрғын үй қатынастары туралы” заңында мүгедек баланың ата-анасы немесе балаға қамқорлықты қамтамасыз ететiн басқа тұлғалар қалада барлық отбасымен тұрақты тiркеуде тұрса, немесе тұрақты тiркеуде тұрғаны мен оның меншiгiнде, үй сұрап арыз жазғанға дейiнгi мерзiм iшiнде (бес жыл мер­зiмде) үйi болмаса, арызын қабылдауға болады делiнген. Бiз баламызға жағдай жасау үшiн, ауылдағы баспанамызды сатып, қалаға барып бақандай бес жыл қаңғуға тиiстiмiз. Мен өз басым бұл заңды мүгедектерге көр­сетiлген ең әдiлетсiз заң деп есептеймiн. Ауылдың мүгедек балалары мемлекет тарапынан сапалы медициналық көмектен, бiлiм беру бағдарламасы көме­гiнен, әлеу­меттiк көмектен қағажу қалатындай не жазығы бар?! Әлде мүмкiндiгi шектеулi балаларды шеттете беру немесе кемсiту үйреншiктi әдет пе?
 
Мұхтар Алмағанбет,
Бегiмбет ауылы,
Шалқар ауданы,
Ақтөбе облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті