1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №18-19 (15684-85) 6 наурыз, сейсенбі 2012
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
6 наурыз 2012
Әкемдi театрға ертiп бардым...

Қолыма ерiксiз қалам ұстатқан мәселеге тоқтала­йын. Кейбiр спектакльдердi тамашалауға барып, не күлерiмдi, не жыларымды бiлмей, жанымда отырған өзге көрермендерден қысылып, кiрерге тесiк таппай, қойылым бiткенше асығып отырамын.

Бiрде ауылдан Алматыға әкем қыдырып келдi. Бүгiнгi киноның сыйқын көрiп жүр ғой, театрға апарайыншы деп Қазақтың М.Әуезов атындағы академия­лық драма театрына қарай аяңдадық. Бүгiнгi репер­туарда “Сұлу мен суретшi” екен. Бiрiншi қатардың дәл ортасынан билет алдық. Қойылым басталып та кеттi. Әлi күнге дейiн сол спектакльге әкемдi апарғаныма ұяламын. Неге дейсiз ғой? Автор ғашықтар арасындағы шексiз сүйiспеншiлiктi көрсетуге тырысқан. Дұрыс-ақ. Бiрақ қойылымда қазақ қызының омырауы ашық, саны жалтырап шығуының не қажетi бар едi? Ендiгi бiзге жетпегенi театрдағы қазақ қыздарының жартылай жалаңаштануы ма? Құдай-ау, ол кино түсiру алаңында емес, қасиеттi театр сахнасында ғой. Сонда, сахна құдiретi қайда қалды? Халық алдында екеудiң сүйiсiп, аймаласуы... Бiр-бiрiне деген ыстық iңкәрлiктi жай ғана құшақтасумен жеткiзуге болмас па едi? Спектакльдi тамашалауға бiреу атасымен, ендi бiреу әжесiмен келедi. Тiптi, көрермендер арасында кәмелеттiк жасқа толмаған балалар мен оқушылар да болады. Қойылымды көрушiлердiң көпшiлiгi –жастар. Бiздер сондай қойылымдар арқылы жастарға қандай тәрбие бермекшiмiз? Онсыз да қазақ киносынан небiр бәлелердi ашық көрсетiп жатыр емес пе? Ең болмаса, “Бұл спектакльдi кәмелеттiк жасқа толмағандарға көрсетуге болмайды” деп жазып қойсын. Тағы бiр айта кететiн жайт, көрермендер ондай қойылымдарды көруге әлi дайын емес деп ойлаймын. Себебi, спектакль барысында сондай анайы­лық бола қалса, тып-тыныш отырған залда кейiген үндер естiле бастайды.
Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпын. Көруге асығып, бiр немесе бiрнеше рет көрсең де жалықтырмайтын қойылымдар да баршылық. Мәселен, Т.Нұрма­ғанбетовтiң “Бес бойдаққа бiр тойы”, “Қожанасыр тiрi екенi” соның бiр дәлелi. Бұл менiң жеке пiкiрiм. Оқырмандар арасынан менi жақтаушылар да, қарсы пiкiрдегiлер де табылар. Бiрақ жаңашылдық, жаңашылылдық деп, ұлттық менталитетiмiздi бiр сәтке естен шығармасақ екен...
Нұршат Өтеулиева,
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетiнiң 4-курс студентi.   
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті