1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №18-19 (15684-85) 6 наурыз, сейсенбі 2012
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
6 наурыз 2012
Мұғалжар тауы мұңайып тұрғандай

Ақтөбе – Алматы пойызында жиi-жиi сапарлауыма тура келедi. Күнкөрiс жайы, тауар тасыған жолаушылардың тiршiлiгi. Бiрақ қаншама рет жолға шықсам да, жол бойында менi күтiп тұрғандай сезiлетiн бiр қимасым бар. Ол – мына кәрi Мұғалжар тауының етегiндегi разъездiң бойында мәңгiлiк ұйқыда жатқан аяулы әжем. Жер-жаһан жаратылғаннан бергi адам баласының iс-әрекеттерiне куә болып келе жатқандай, сол адам ұрпағының өзi жаратылған табиғатты жырт­қыштықпен тас-талқан етiп жатқанына Мұғалжар тауы қатты қынжылып тұрғандай. Жiңiшке өткелден пойыз жүрiсiн баяулата түскенде, күнбатыс беттегi қырқадағы көп бейiттiң қарасы көрiнедi. Осыдан бiрер жыл бұрын ғана бергi шеттегi томпиған зираты көрiнбейдi, қазiр қалың қорымның ортасында қалған.

Әжемнiң өмiрден өткенiне 4-5 жылдың жүзi болды. Балалы-шағалымын, өзiм де әже болар жасқа келдiм. Бiрақ мен сол бiр 80-нiң ортасынан асып, менiң әкемнiң шаңырағында бала-немерелерiнiң тiлеуiн тiлеп өмiр­ден өткен жанды неге аң­сай берем? Әлсiз жан пана тап­пай жел өтiнде қалғандай күй кешетiн қазiргi жыртқыш уақыттың өлшемi­мен қарағанда, әжем бақытты жан! Бiз ол кiсiлердей әдемi қартая аламыз ба, әй бiлмеймiн-ау. Бiлетiнiм, әжеммен бiрге сол заманның жақсылығы, адамының жылулығы бiрге кетiп қалғандай. Тасбауыр уақыт өз дегенiн жасады. Өгей заманның қытымырлығы бала-шағамның арқасына батпасын деп сауда соңында салпақтап жүргенiмде жастық шағымның қалай өтке­нiн де аңғармай қалыппын.
Менiң әжемнiң де жастығы ұрлан­ған. Соғыс ұрлаған. Келiн­шек кезiнде жарқырап жүре алмады, соғыста хабарсыз кеткен күйеуiнiң отын сөндiр­меймiн деп жалғыз ұлды жеткiзуге бар өмiрiн арнады. Өле-өлгенше жал­ғыздан өрген жапырақ­тар­ға рухани сүйенiш, тiреу болды.
Менiң жастығымды да аласапыран уақыт ұрлады. Күйеу­iм несиеге алған үйдi банк тартып алған-ды, жұмыссыз қалғанына қатты күйзелiп iшiп кеттi. 4 баламды соңымнан сүйретiп, қала шетiндегi иесiз саяжайлардан баспана iздеп тентiреп мен кеттiм. Бiрде жығылып, бiрде сүйретiле тұрып жұрт қатарына iлiктiм. Түсiнгенiм: мен әжемдей мықты емес екен­мiн. Әжемнiң көрген қиыншылықтары менiң басымдағыдан зор болса да, ол иiлмес емен едi. Сыр бермес қара нар едi. Мен әлсiз екенмiн. Осыны түсiндiм...
Айзада Қарамергенқызы,
Ақтөбе қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті