1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №15 (15681) 23 ақпан, бейсенбі 2012
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
23 ақпан 2012
Мұндай да болады екен-ау...

2010 жылы Алматыда Керейт ата ұрпақтары бiрлесiп “Ақсақал” қо­ғамдық қорын құрды. Оның төрағасы болып Тұрмағамбет Асанов сайланған едi. Қоғамның алғаш қолға алғаны “Керейт ата ұрпақтары” жөнiнде шежiре кiтап шығару мәселесi болды.

Мына қызықты қараңыз, кiтапты “Өнер” баспасынан шығарар кезiнде Т.Асанов халықтан жиналған ақшаны өз атынан баспаға өткiзiп, кiтапты Т.Асановтың жеке меншiгi ретiнде бастырған. Ендi баспадан шыққан кiтапты сатып, түскен ақшаны “Ақсақал” қоғамдық қорына өткiзудiң орнына қалтасына басқан. Сылтауы “Бұл кiтапты мен өз ақшама шығардым” дейдi. Т.Асановтың 2011 жылдың 7 тамызындағы есебi бойынша кiтап шығару үшiн жеке адамдардан 1.035.000 (бiр миллион отыз бес мың) теңге, демеушi­лерден 470 000 (төрт жүз жетпiс мың) теңге, барлығы 1.555 000 (бiр миллион бес жүз елу бес мың) теңге жиналған. Кiтап шығару үшiн жеке адамдардан жиналған 900 000 (тоғыз жүз мың) теңгенi ­Т.Асановқа оның орын­­басары Қ.Ашан­ұлы кассадан алып берген. Осы ақшаны Қ.Ашан­ұлының банк кас­сасынан алғаны туралы қағаз бар.
Баспаның мәлiметi бойынша 2000 дана кiтап 1,175 000 (бiр миллион жүз жетпiс мың) теңгеге шығарылған. Жалпы, қорға түскен ақша жоғарыда көрсетiлгендей 1,555 000 теңге, сонда Т.Асанов қалайша “кiтапты өз ақшама шығардым” дей алады?
Кiтаптың алғашқы қолжазбасы қоғамдық қордың отырысында тал­қыланып, оның жүздеген қателерi түзетiлдi. Сонымен қатар Т.Асановқа “Бұл кiтаптың материалдарын алқа мүшелерi дайындады, ал сiз құрастырушы ғана боласыз, мұқабаның сыртына автор ретiнде өзiңiздiң атыңызды жазбайсыз, бөтен авторлардың материалдарын пайдаланбайсыз, барлық көрсетiлген 459 адамның суреттерiн түрлi-түстi етiп бастырасыз” деген соң. Т.Асанов осы шешiмге тоқ­тап, қолжазбаны “Өнер” баспасына ұсынған. Бiрақ уәдесiнде тұрмады, алдап кеттi. Т.Асанов кiтапты баспадан өз атынан, ол аз болғандай iшiне өзiнiң үлкен суретiн басып, жасырын шығарған. Бұл кiтапты бiз Көкшетау керейттерiмен кездесуге бармақшы болып вокзалға шыққанымызда (27.07.2011 жыл) бiрiншi рет көрдiк. Сол жерде үлкен дау шығып, кiтапты қайтадан қоғамдық қорда келiсiлгендей авторсыз, портретсiз шығарасың деп Т.Асановтың уәдесiн алып, сонан кейiн ғана Көкшетауға аттандық.
Қайтып келгеннен соң Т.Асанов өзiнiң қияңқылығын қайта бастады, баспаға 200 кiтапты қайтармай қойды. Осы жағдайдан кейiн қоғамдық қордың отырысында (2011 жылдың 25 қыркүйегiнде) Т.Асанов алаяқтық әрекеттерi үшiн төрағалық мiндетiнен босатылды. Бiрақ Т.Асанов әр түрлi заңсыз әрекеттер жасап, өзiнiң үш рет берген уәдесiнде тұрмай, кiтаптың өз атымен басыл­ған нұсқасын баспадан ұрлап әкеткен. “Керейт ата ұрпақтары” кiтабы Асановтың ақшасына емес, жеке адамдар мен демеушiлердiң ақшасына шығып отыр. Т.Асановтың энциклопедиялық кiтапқа автор болуға құқығы жоқ, ол әр адамның жазып берген мәлiметтерiн менiкi деп пайдаланып кетiп отыр. Авторлық құқық қоғамы маған авторлық жөнiнде рұқсат қағаз бердi дегенi де өтiрiк болып шықты. Ешқандай рұқсат қағаз берiлмеген.
Т.Асановтың баспадан ұрлап кеткен 1750 кiтабы 2000 теңгеден сатылғанның өзiнде 3 500 000 (үш миллион бес жүз мың теңге) болады. Жеке демеушiлер кiтап шығаруға зор көмек берген едi. Т.Асанов болса демеушiлердiң атын жамылып, кiтаптарды сатып, алаяқтық жасап отыр. Т.Асанов көп адамдардан 5000 теңгеден алып, оны қоғамдық қорға салмастан, жеке басы үшiн пайдаланып кеткен. Ақша берген адамдар қоғамдық қорға келiп, кiтаптарын талап етуде, бiрақ олардың аты-жөнi тiзiмде жоқ.
Кiтаптың алғашқы бетiне Т.Асанов өзiнiң үлкен түрлi-түстi суретiн орналастырған, оның орнына кiтаптағы барлық суреттер қара түспен берiлген. Керейт руының тарихын зерттеушi М.Түйiмбетов, Қ.Ашанұлының шығармаларын автор­дың рұқсатынсыз пайдаланған. “Керейт ата ұрпақтары” кiтабының алқа мүшелерi Н.Жалғасов, Ж. Ахметов, Т.Сейтжанов, О.Қарымсақов және басқалардың жазып берген мақалаларын Т.Асанов өз атынан басылымға жiберген. Ұзын сөздiң қысқасы, “Ақсақал” қоғамдық қорының мүшелерi Т.Асановтың iсiн сотқа берейiк деп шештiк.
 
“Ақсақал” қоғамдық қорының мүшелерi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті