1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №15 (15681) 23 ақпан, бейсенбі 2012
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
23 ақпан 2012
Қартайған шағымда жылы үйде өлсем бе деймiн

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнiң назарына!

“Iздегенiң есiктен табылса, төрде нең бар?” дегендей, жасым 90-ның үстiне шыққанда менiң мұңыма құлақ асар жан табылса, сiздерге хат жазармын ба?!
Осы ғасырға жуық өмiрiмнiң барлығы да тек еңбек етумен өттi. 1940 жылы тракторшы мамандығын игердiм. Азаматтарымыздың аман-есен келуiн тiлеген әйел адамдар, бiздер, солардың жолында өзiмiздi құрбандыққа шалуға да әзiр едiк. 48 жылдық еңбек өтiлiмнiң 25 жылы трактор рөлiнде өткен екен.
Аллаға шүкiр, бүгiнде ауылымда Құтия ананы бiлмейтiн кiсi кемде-кем. Бәрi құрмет тұтады. Үкiмет тарапынан алып жатқан атағым да аз емес. 1945 жылы “Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегi үшiн” медалiне ие болсам, 1980 жылы “Еңбек ардагерi” медалiмен, сонымен бiрге тылдағы еңбек майданына қатысушы ретiнде “Жеңiстiң 40 жылдығы”, “Жеңiстiң 50 жылдығы”, “Же­ңiстiң 55 жылдығы” мерекелiк медаль­дарымен, 1941-45 жылдардағы соғыс ардагерi белгiсiмен марапатталдым. Бiрақ құр марапаттау ас бола ма? Сонысымен қоса тұрмыстық-әлеуметтiк жағынан көмектессе ғой...
Жалғыз ұл, жалғыз қызым бар. Қызымның өз ошағы өзiнде, тұрмыс құрып кеткен. Жалғыз ұлдан 6 немерем бар. Келiн-бала, кiшкентай немерелерiммен бiрге кiшкентай ғана құжырада Теректi ауданының Абай ауылында бiраз уақыт бiрге тұрып келдiм. Жұмыс жоқ. Келiн-баламның да тұрмыс жағдайы қиын бол­ған соң балаларыма масыл болма­йын деп институт бiтiрген үлкен жиенiммен Ақжайық ауылында бiрге тұрып жатырмын. Ал менiң арманым – денi дұрыс баспаналы болып, қалған санаулы ғұмырымда өткен өмiрiмнiң қайырымы – рахатын көрсем деп едiм.
Ел басына күн туғанда етiгiмен су кешкен, тылда аянбай еңбек еткен iстерiмдi бағалап, меселiмдi шақпас деп 2005 жылдан берi баспана сұрап бармаған жерiм, баспаған тауым қалмады. Жиенiм мұғалiм бол­ғандықтан 1981 жылы салынған балалар бақшасынан 1 бөлмелi үй берiлген. Ол үй Ақ­жайық селолық округiнiң теңгерi­мiне тiркелген. Жақында ауылға көгiлдiр отын кiрдi. Облыс әкiм­шiлiгiнен 2011 жылы “Үйiңiзге биылғы жылы көгiлдiр отын кiргi­зiледi” деген қатынас қағаз да келдi. Бiрақ мiне, биыл 2012 жыл, айтылған сөз сол күйiнде қалды.
Не жылу жүйесi жоқ, не отын жоқ үйде отыра алмай, қазiргi күнi жиенiмiз екеумiз бiреудiң баспанасын жалдап күн көрiп отырмыз. Өлер шағымда бiр күн болса да рахат көрiп, жылы үйде өлсем бе деймiн, көмектесiңiздершi!
 
Құтия Сатыбаева,
Ақжайық ауылы,
Теректi ауданы,
Батыс Қазақстан облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті