1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №11 (15677) 9 ақпан, бейсенбі 2012
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
9 ақпан 2012
Өтiрiкке үйрететiн кiм?

Күнi бойы ең көп өтiрiк айтатын адам, менiңше, хатшы қыз. Хатшы қызды өтiрiк айтуға итермелейтiн, анығырақ айтқанда, мәжбүрлейтiн адам – бастық.

Бастықтардың ертеңгiлiк жұ­мыс­қа келiп, орнына жайғаса салып айтатын сөзi:
– Мен орнымда жоқпын!
Содан бастап бастыққа кiм қоңырау шалмасын, хатшы қыздың айтатын сөзi:
– Орнында жоқ.
Кешке дейiн осы жауап ойланбастан қайталана бередi.
Бастық кабинетiнде жұмыс iстеп отырады, хатшы қыз: “жоқ”, – деумен болады. Сонда деймiн-ау, бұл бастықтарға телефон не үшiн орнатылады екен? Өздерi бiреумен сөйлескенде елпiлдеу, өзiне телефон шалғанға шалқаю үшiн орнатылатын болғаны ма? Ең жаманы – жап-жас қызды өтiрiк айтуға үйретiп отырғанын бiлсе, қане, сол шiркiндер!
Бастық кабинетiнде ғана емес, үйде де бастық. Бастықтың қыз­метiнен орала салып, үйдегiлерге айтатын сөзi:
– Мен үйде жоқпын. Кiм сұраса да “жоқ” деңдер.
Бастықтың әйелi бұған әбден үйренген, баласы тiлi шыққан соң үйренедi. Бала алғаш жанында отырған әкесiнен нелiктен “жоқ” деуi керек екенiн бiлмей таңданады, содан соң шешесi құсап үйренiп кетедi. Жай үйренбейдi, өтiрiктiң пайдалы екенiн бiлетiн болады, iле өтiрiк өрiс алып жүрiп бередi. Ендi бастық-әке баласын өтiрiктен арылта алмай әуреге түседi. Бастық өтiрiк өзi үйреткен пәле екенiн бiледi де бармағын тiстейдi. Басқа амалы қалмаған, баласы өтiрiктi судай ағызады. Өтiрiк жайлаған заман болды бұл.
– Қап! – дегеннен басқа не iстерсiң?!
 
Әлдихан Қалдыбаев,
жазушы,
Тараз қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті