1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №11 (15677) 9 ақпан, бейсенбі 2012
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
9 ақпан 2012
Мәдениеттiлiкке не жетсiн?!

Құрметтi “Жас Алаш” газетiнiң қызметкерлерi! Сiздерге айтар алғысым көп. Газет бетiне бар шындықты, өмiрдегi өзектi мәсе­лелердi бүге-шiгесiне дейiн айшықтап жазасыздар. Осыған ризамын.

Мен қоғамдық көлiкпен көп жүремiн. Байқағаным, бiздiң ұлтқа (айып етпеңiздер, өз ұлтымды жек көргендiктен емес) кейде қарапа­йым мәдениеттiлiк жетiспей жатады. Мысалы, мен Мәскеу, Киев, Днепропетровскiге iс сапармен барғанда, метрода, трамвайда, троллейбуста, автобустарда бос отырған адамдарды көрмеймiн. Кiтап, журнал, газет оқып отырады. Көлiкке емес, оқу залына кiргендей әсер аласың. Ал Астанада автобустарда екеуара, үшеу­ара әңгiме-дүкен құрып, кейде бар даусымен қарқылдап күле­тiн­дердi, өсек-аяң, саясат айтып, жұрттың мазасын алатындарды көптеп кездестiремiн. Егер бiрлi-жарым азаматтар кiтап не газет оқып отырса, оған басқалары кекесiнмен қарайды.
Студент кезiмiзде аялдамада, көлiк iшiнде конспектiмiздi оқып, қайталап пысықтап, өзiмiздiң студент екенiмiздi мақтан тұтатынбыз. Ал қазiр университет аялдамасынан жастар түсiп жатады, солардың кiтап, конспект ұстап жүргенiн сирек көремiн. Тағы айтайын дегенiм, қалада аялдамалар қа­зақ­ша жазылғанымен, автобус кондукторлары, жүргiзушiлер орысша “седьмой...”, “девятый километр...” деп хабарлап жатады. Бұл дұрыс емес қой.
Менiңше, барлық жағдайда мәдениеттiлiгiмiздi паш етiп жүрейiк.
 
 Қыдырәлi Жылысбаев,
Астана қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті