1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №11 (15677) 9 ақпан, бейсенбі 2012
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
9 ақпан 2012
Олар халықтың жүрегiндегi сөзiн айтты

Жаңаөзендегi 2011 жылғы 16 желтоқсандағы қанды оқиға кiмнiң-кiм екенiн анықтаған нағыз “детектор” болды. Шын зиялы мен зияндының ара-жiгiн ашып бердi. “Зиялы” атанып жүрген кейбiр ақын, жазушы, философ, тарихшылар өз талап-тiлегiн бiлдiрiп шеруге шыққан жұртқа “бұзақылар”, “арандатушылар”, “лаңкестiк, шектен шыққан әдетке барушылық” деген сөздi шiмiрiкпей айтып, халықты қаралағанын көзiмiз көрдi. Ел басына күн туғанда бұлардың халықтың емес, билiктiң сөзiн сөйлеп, қол шоқпарға айналғаны өкiнiштi-ақ. Бетке шығар танымал тұлғалардың көпшiлiгi бұған дейiн де жалтақтығымен, жағымпаздығымен көзге түсiп, жұртшылықты жерге аз қаратқан жоқ.

Танымал тұлғалардың қазiргi күнi қоғамда қалыптасқан қат-қабат проблемалардан бойын алшақ ұстауы, оған араласудан тайсақтауы, ұлттың болашағы туралы ойлануға ниет бiлдiрмеуi халықты қатты ашындырып отыр. Қарапайым халықтың алдына неге шықпайды олар? Жаңаөзендегiдей қорлық көрiп отырған қазаққа қамқор бола бiлейiк деп неге айтпайды? Неге Жаңаөзендегiдей қанды қырғынның алдын алуға дер кезiнде сеп болмады?
“Ақылшы”, “ел ағасы” деген сөздердi халқымыз қадiр тұтқан азаматтарына арнаған. Т.Медетбек, М. Мағауин, Ғ. Қабышев, С.Сматайұлы, Иран-Ғайып, С.Адай, Ә.Шегебайұлы, И.Сапарбай, С.Тұрғынбекұлы, А.Кеңшiлiкұлы сияқты халықтың мұң-мұқтажын, аманатын арқалаған осындай азаматтардың бары қуантады. Олар Жаңаөзендегi болған сұмдықты жаны шыңғырып жазды. Көңiлiнде не бар, соны ашық айтып өлген ақында арман бар ма? Ең бастысы, олар халықтың жүрегiндегi сөзiн айтты. Бұған өзiнен басқаның тiлегiн тiлей алмаған, арын, иманын қара басының пайдасы үшiн қысқа күнде қырық сататын соғылғандар ғана дау айтар. “Ердiң бағасы елге етке еңбегiнiң зор, яки кiшiлiгiнде емес, елге деген жүрегiнiң таза болуында. Тiлегiнiң елмен ортақ болуында, ер өмiрiнiң өрi мен көрi де ел өмiрiнiң өрiмен, көрiмен бiрге болуында” дейдi Мағжан Жұмабаев. Қазақ халқының ниетiне қарай, осындай өресi биiк, саналы азаматтар көбейе берсе, елiмiздiң еңсесi биiктей түсер едi...
 
Мұрат Өтебаев,
Сарысу ауданы,
Жамбыл облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті