1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №7 (15673) 26 қаңтар, бейсенбі 2012
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
26 қаңтар 2012
Дәрiгерлерге ризамын

Былтырғы жылдың желтоқсан айында келiнiм Жар­қын Тоқсанбаева қатты ауы­рып қалды, өзiнiң аяғы ауыр едi. Округ орталығынан және аудан орталығынан жедел-жәрдем көлiгi шақырылды. Аудан орталығынан келген акушерка Абзал Әбдинге, Алмашқа және кезекшi медбике Манарға шын жүрегiммен отбасымыздың атынан рақмет айтамын.

Жаңажол мұнайшылар қалашығында жұмыс iстейтiн iнiм Асылбек “iшiм бүрiп ауырады” деп жатып қалды. Учаскелiк дәрiгер Нина Қыстаубаева апайды шақырдық. “Соқырiшек” деп диагноз қойды. “Iште жарылып кетпей тұрып дереу аудан орталығына жеткiзу керек”, – деп Кемерген орталығынан жедел жәрдем көлiгiн шақырды. Бiз тұратын Бұлақтыкөл ауылы аудан орталығынан 100 шақырым жер, жол қашық және ауыр. Сол күнi ауданға жеткi­зiлдi. Ол жаққа Нина апайдың өзi алып барды. Жедел жәрдем жүргiзу­шiсiне де рақмет. Iнiме бiр сағаттай ота жасалды. Аурухананың бас дәрiге­рi Мұңалбек Жазықовқа, кезекшi дәрi­гер Нұркен Мұңайтпасовқа, хирург Бағдат Дүсi­повке және ота жасауға қатысқан медбикелерге ризашылығымды бiлдi­ремiн.
Атағұлла Әбдiрахманов,
Бұлақтыкөл ауылы,
Байғанин ауданы,
Ақтөбе облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті