1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №7 (15673) 26 қаңтар, бейсенбі 2012
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
26 қаңтар 2012
Өзбекәлi Жәнiбеков атындағы саябақ салсақ жарасатын едi

Таяу жылдары халқының саны миллионға жетедi деген Шымкент қаласы күн санап көркейiп келедi. Дегенмен қалада әлi де болса қолға алар, қозғау салар жұмыстар жетерлiк. Осыдан 30-35 жыл бұрын Оңтүстiк Қазақстан облысын бiлiктiлiкпен басқарған, елдiң ардақтысы Асанбай Асқаровтың тiкелей жетекшiлiгiмен “Фосфоршылар” мәдениет сарайы салынды. Облыс көлемiндегi жиналыстар, конференциялар осы керемет сарайда өткiзiлетiн. Өнер жұлдыздарының концерттерi, кинолар, түрлi мәдени iс-шаралар мұнда тоқтаусыз болып тұратын. Сарайдың жан-жағы жасыл-желекпен көмкерiлдi, көзтартар тал-терек, субұрқақтармен абаттандырылды. Тұрғындар бала-шағаларымен, қариялар немерелерiмен осында көңiлдi дем алатын. Қазiр ойлап отырсам, ол да бiр өткен дәурен екен.

Мәдениет сарайының қазiргi жағдайына қарап, жаның ауырады. Ғимараттың айналасындағы ағаштар суарылмайды. Бiразын кесiп алып кеткен. Сарайдың айналасы ашық-ша­шық. Кез-келген адам көлi­гiмен кiрiп, лас­тап кетедi. Ағаштардың, ке­шегi субұрқақтардың арасы бүгiнде бөтелке, баклашкалар. Сарайдың айналасындағы санитарлық жағдай өте нашар. Мәдениет сарайына қарап, мәдениетiмiздiң сиқы осы шығар деген де ой келедi.
Осыдан кейiн барды бағалап, жоқты ұқсата алмаған шенеунiктердiң тiрлi­гiне қарның ашпағанда қайте­сiң?! Мәдениет сарайы қаланың ең көрiктi, халық тығыз қоныстанған жерiнде орналасқан. Бiр жағы Жiбек жолы көшесi, бiр жағы “Көктем” базары. “Фосфоршылар” сарайына көңiл бөлiп, оны кәдеге жаратуға неге болмасын?! Әсiресе, ғимараттың айналасы саябақ болуға сұранып-ақ тұр. Оған көп те қа­ражат кетпейдi. Тек әкiм­дiк тарапынан қолдау-қуаттау жетiспей тұр. Әсем сая­бақ халықтың демалатын, бос уақытын тиiмдi өткiзетiн орын емес пе?! Кезiнде мен осы ұсынысымды қала әкiмi Арман Жетпiсбаевтың қабылда­уы­на кiрiп айтқанмын. “Ұсынысыңыз орынды екен, мен бұл мәселенi облыс әкiмi Асқар Исабекұлымен ақылдасып, шешемiз” деген едi. Бiрақ одан берi көп уақыт өттi. Жым-жырт.
Ендi тағы бiр көкейде жүрген мәселенi айтпай кетуге болмайды. Егер ұсыныс жүзеге асып, Мәде­ниет сарайының айналасы көрiктi саябаққа айналса, оған халқымыздың мақтанышы, өшкенiмiздi жағып, өлгенiмiздi тiрiлткен, ұлтымыздың асыл мұрасын жинап, оны бүгiнгi ұрпаққа жеткiзген Өзбекәлi Жәнiбе­ковтiң есiмi берiлсе дей­мiн. Өзекең үлкен қызметтерде жүрген кезiнде елi­мiздiң рухани өмiрiне өлшеусiз үлес қосты. Оның жетекшiлiгiмен Түркiстанға тайқазанды қайтардық, Наурызбен қай­та қауыштық. Бұлар ұлтқа сiңiрген еңбе­гiнiң екеуi ғана. Тiзбелей түссек, тiлге тиек етер жайт көп. Хал­қымыз­дың адал ұлы Өзбек­әлi Жәнiбековтiң есiмiмен аталатын нысандар оның туған жерiндегi облыс көле­мiн­де онша көп те емес қой. Өзағаңды құрметтейтiн, оның халқына iстеген қыз­метiн бiлетiн ағайын менiң бұл ұсынысымды қолдайды деп ойлаймын.
 
Өркен Әбдiреев,
“Еңбек Қызыл ту” орденiнiң иегерi,
Оңтүстiк Қазақстан облысы.
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті