1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №7 (15673) 26 қаңтар, бейсенбі 2012
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
26 қаңтар 2012
Қолжаулық болған қайран қайраткерлер

НЕГЕ ӨНЕР, СПОРТ САЛАСЫНАН БIРДЕ-БIР ӨКIЛ ДЕПУТАТТЫҚҚА ӨТПЕДI?

Сайлау компаниясы улап-шулап өтетiн саяси шоуға айналғалы қашан. Ал қазiр шоуларды өнер жұлдыздарынсыз өткiзу мүмкiн емес. Партиялардың сайлауалды үгiт-насихат жарнамаларында есiмi елге танымал жұлдыздардың қатыстырыл­ғанын көзiмiз көрдi. Тiптi олардың бiрқатары Мәжiлiс депутаттығына үмiткерлердiң тiзiмiнен орын алғанын бiлемiз.
 
Егер атын атап, түсiн түстеңiз десеңiз айтайын. “Нұр Отан” партиясының тiзiмiн белгiлi әншi Нұрлан Абдуллин бастады. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жәния Әубәкiрова, Халық әртiсi Әлi­бек Дiнiшев, олимпиада чемпиондары Ермахан Ыбырайымов, Юрий Мельниченко, Ольга Шишигина, “Астана” велокомандасының капитаны Александр Винокуров тiзiмнiң бел ортасында жүрдi.
“Ақ жол” партиясы да бiр­қатар өнер, спорт майталмандарын тиiмдi пайдалануға тырыс­ты. Бұл тiзiмде Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаевты, жазушы Смағұл Елубайды көзiмiз шалған едi. Бәре­келдi-ақ дескенбiз! Егер өнер­дiң, спорттың өкiлi халықтың қалаулысы болып жатса, оған таңғалатын несi бар? Өнерпаздар мен спортшылар да қоғамның бiр мүшесi, бiр қауым ел емес пе?! Құдайберген Сұл­танбаев, Төлеген Мұхамеджанов, Нұрлан Өнербай, Серiк Қонақбаев сынды талай өнер азаматтары парламенттiң мiн­берiнде отырып, өнерге, спортқа қатысты мәселелердi шешуге атсалысты емес пе? Бiрақ...
Бұл жолы мәжiлiске өнер қайраткерлерiнiң ешқайсы өтпедi. “Нұр Отан” да, “Ақжол” да оларды тек үгiт-насихат жұмыстарына жегiп, жеме-жем­ге келгенде шетке сырып қоя салды. Өкiнiштi-ақ. Тiптi Мәжi­лiске бармайтынын күнi бұрын шешiп те қойған-ау. Сайлау басталмай жатып, Орталық сайлау комиссиясы үмiт­керлер­дiң iшiнен Нұрлан Абдуллин мен Жәния Әубәкiро­ваны алып тастады. Себебi олар декларациясын дұрыс тапсырмаған екен. Құжатынан шынымен де шикiлiк шықты ма? Әлде оппозиция өкiлдерiн тiзiмнен сызып тастап жатқанда билiктiң партиясынан да көз қылып көрсету үшiн бiрлi-жарымын құрбандыққа шалу қажет болды ма екен. Олай болса, құрбандыққа ең алдымен өнер, спорт майталмандарының iлiгiп кеткенi кездейсоқтық па? Сайлау өткеннен кейiн де, талантын әлем таныған, кезiнде көк туымызды Олимпиадада желбi­рет­кен чемпиондардың ешқайсысы Мәжiлiске керек болмай қалды. Неге? Бәрiнен де бұрын үмiткерлердiң құжаттарына жүрдiм-бардым қараған партия басшыларының әрекетiне не айтасыз? Осыдан-ақ өнер, спорт қайраткерлерiнiң саяси науқандарда қолжаулыққа айналғаны анық байқалмай ма?
Естiген елден ұят болды. Әйтеуiр, өнердiң құнын көк тиын етiп алмасақ жарар едi.      
 
Асқар Әлжанов,
Шымкент қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті