1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №100 (15454) 15 желтоқсан, сейсенбі 2009
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
15 желтоқсан 2009
Саудабаев ауғандықтарды емес, қызылордалықтарды оқытсын!

Бүгiнгi дағдарыстың салқынын ең әуелi жоғары оқу орындарында оқитын студенттер сезiнiп жатыр. Емтихан уақыты жақындағалы декандар мен топ жетекшiлерi ақылы негiзде оқитын студенттердi қыспаққа алуда. Әсiресе, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың студенттерi бүгiнде аралық бақылауларға жiберiлмей отыр. Аралық бақылаудан өтпеген студенттердiң қысқы емтиханға кiре алмасы анық. Сабақ басталысымен топ жетекшiсi дәрiсханаға келiп, оқу ақысын төлемеген студенттердi тұрғызып қойып жауап алады. Топ жетекшiсiне декандар солай жасайды. Өйткенi дағдарыс уақытында «ақылы оқу негiзiнде оқитын студенттер оқу ақысын түгел төлеп, дағдарысты сезiнiп жатқан жоқ» деп жоғарыға жағымпаздану керек болып тұрған сияқты.

Мiне, бүгiнгi Қорқыт ата атындағы университеттiң жағдайы осылай. Өткен айдағы ҚР Сыртқы iстер министрi Қанат Саудабаев Ауғанстанға барып, 50 миллион доллар бөлiп, ауған жастарын оқытатынын естiп едiк. Бұл қай мақтан­ғанымыз? Сонда Қ.Саудабаев мырза өз елiнде ақысын төлей алмай жатқан жастарды бiлмегенi ме?
 
Аман САЛАМАТОВ,
Қызылорда.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті