1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №94 (15656) 24 қараша, бейсенбі 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
24 қараша 2011
Кiнәлi кiм?

Елiмiз КСРО құрамында болған 20-30 жылды еске алсақ, жиын-терiн науқаны кезiнде мектептер уақытша жабылып, оқушылар әр облыстың, ауданның егетiн дақылдарына қарай (оңтүстiкте – мақта, солтүстiк пен шығыста – картоп пен пияз) жиын-терiнге қатысатын. Бұған әскерилер, студенттер, барлық мекеме қызметкерлерi де қатыс­тырылатын.

Ал қазiргi кезде жиын-терiн кезiндегi негiзгi қара жұмыстар қазақтар үшiн қалдырылған сияқ­ты. Қапшағай қаласының батыс жағында “Қосалқы шаруашылық” бар. Ондағы пияз, картоп алқаптарына барған кезде өзiм куә болдым. Пиязды шөп­теу, сабағын қию, қаптау, тиеу жұмыстарының барлығында қазақтар жүр. Олардың iшiнде мектеп оқушылары да, ересек жiгiттер мен қыздар да, орта жастағы адамдар да, тiптi қимылы ширақ әжейлер де бар. Негiзiнен, барғандардың бiр күнгi табыстары 600-800 теңге­нiң көлемiнде. Тапқан ақшалары күнделiктi шай-қантына ғана жетедi. Әсiресе, 10 шақырымдай жерге орналасқан егiс алқабына шаңы бұрқыраған шөп-шалам төселген жабық, тауар таситын қараңғы күймелi машинамен адамдарды алып жүруi жаншошырлық екен. Межелi жерiне жеткеннен кейiн барлығы қақырынып, түкiрiнiп, шаң-шаң болып машинадан түсiп жатады...
Сонысымен қоймай, жұмыс берушiлер оларға ақырып, зекiрiп ұрсып та қояды. Осыған қарап тұрып халықтың көнбiс­тiгiне тәнтi боласың. Мүмкiн, осындай көрiнiстерге куә бол­ған кей адамдар қазақтардың еңбекқорлығына риза болар? Ал мен риза бола алмадым. Неге ешқандай билiктi қажет етпей­тiн өнiмсiз қара жұмыстарда тек қазақтар жүруi керек? Мұндай көрiнiстердi басқа фирмалардан да байқағаным бар-тын. Вагоннан тас-құм түсiретiн зиянды қара жұмыстарда және күзетте кiлең қазақтар да, бiлiктiлiк пен бiлiмдi қажет ететiн кеңселiк жұмыстардың барлығында басқа ұлт өкiлдерi. Бұған кiнәлi кiм?                                                               
Нұрберген Мамырбайұлы.
Қапшағай қаласы,
Алматы облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті