1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №94 (15656) 24 қараша, бейсенбі 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
24 қараша 2011
Қара шаңырағымды қайтарып ала алмай жүрмiн

Бұрын танымаған, бiлмеген адам қысастық жасаса, мейлi ғой, ал ендi жақын тартып жүрген туысың алдыңды ораса, тым ауыр тиедi екен. Оқырман­ға түсiнiктi болуы үшiн басынан бастайын.

Шешем Алматы облысының Қаратал ауданындағы Үштөбе қаласында, Байсейiтова көше­сi, 42-үйде тұратын. Мен қызмет бабымен басқа қалада тұр­дым. 1986 жылы шешемнiң денсаулығы сыр бере бастады. Содан Үштөбе қаласына көшiп келуiме тура келдi. Қара шаңырағымыз тозып қалыпты. Ше­шем­нiң көзi тiрiсiнде жаңа үй салып берiп, анамның алдындағы парызымды аз да болса өтегiм келдi.
Қажеттi құжаттарымды құнттап алған соң жаңа үй салуға дайындала бастадым. Алдымен үйдiң iргетасын қалау үшiн тас-құмды жеткiздiм, шпал түсiрдiм. Ол кезде ОБХС деген болушы едi ғой. Олар құжаттарымды тексердi, бәрi заңды екенiне көздерi жеттi.
1987 жылы шешем тұрған ескi үйдi бұзып тастап, орнына жаңа үй салуға кiрiстiм. Қарамағымда екi жүзге тарта жұмысшым бар едi. Солардың кейбiрi болысты. Содан таныс­тардың көмегiмен үйдiң қа­быр­ғасын көтерiп, шатырын жауып алдым. Сол жылы қыр­кү­йектiң 22-сiнде шешем көз жұмды. Шешем үй салып берiп жатқанымды көргенiмен, үйдiң толықтай бiткенiн көре алмай кеттi.
1988 жылы үйдi толықтай бiтiрдiм. Салынып бiткен үй бос тұрмауы керек қой. Өзiм жұмыс бабымен Таразда тұрамын. Жаңа үйге бiр туыстарымызды әкеп отырғыздым. Бә­рiбiр бiр адам үйдi қарау керек. Әлгi туысымыз жаңа үйде үш жылдай тұрды. Кейiннен өздерi үй сатып алып, көшiп кеттi. Олардан кейiн ол үйде бiр танысымның жақындары тұрды. Не керек, бiр күнi туған әкпем маған келдi. “Мына үйде бiз уақытша тұрайық. Бөтен адамдарды тұрғызып қайте­сiң?”, – дедi. Мен келiсiмiмдi бердiм.
Шешеме салып берген әлгi үйдiң құжаттарын 1996 жылы өз атыма аудармақ болдым. Үй шешемнiң атында болатын. Ол кезде барлық құжаттары түгел едi. Сол барғанымда құжаттарымның бiрiн үйге қалдырып кетiппiн. Содан Таразға қайта кеттiм де, қатты сырқаттанып қалдым. Үштөбедегi үйдiң құжаттары жайына қалды. Сол сырқаттың салдарынан 1998 жылы екiншi топтағы мүгедек атандым.
Маңдай тер, табан ақыммен салған үйдi Б.Бармақовтың өз атына аударып алғанын 2008 жылы бiр-ақ бiлдiм. Мұ­ның алдында да оның бiр нәрсенi бүлдiрiп жүргенiн сез­генмiн. Бiрақ менiң сыртымнан үйдi өз атына аударып алады деп ойламаппын.
Ақырында Бармақов “бұл – менiң үйiм” деп бет бақтырмаған соң iс сотқа дейiн жеттi. Iстi Қаратал аудандық сотының судьясы Егiнбаева қарап, менiң талап-арызымды қанағаттандырусыз қалдырды. Кезiнде үй салуға көмектескен жiгiттердi куәгер ретiнде шақыртсам да, ол үйдiң маған тиесiлi екенiн бәрi түсiнсе де, судья әлгiндей заңсыз шешiм шығарды.
Содан не керек, әдiлдiкке жете алмай жүргенiме, мiне, бiрнеше жыл болды. Шешеме арнап салып берген үйдi әлдекiмдер заңсыз иемденiп алды. Құрысын деп қоя сала­йын десем, қара шаңырақ қой, оның үстiне маңдай тер, табан ақым бар ол үйде. Бiздiң елде заң мүлдем орындалмайды дегенге көңiл сенбейдi. Түбiнде әдiлдiк жеңетiнiне, сот қара шаңырақты заңды иесiне қайтаратынына сенiп жүрмiн.
Нұрдәулет Юсупов,
Тараз қаласы,
Жамбыл облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті