1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №94 (15656) 24 қараша, бейсенбі 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
24 қараша 2011
Бәсекеге қабiлеттi маман даярлауымыз керек

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетiнiң философия және саясаттану факультетiнiң аясындағы жалпы және этникалық педагогика кафедрасының тамыры тереңде жатыр. Өткен жылы кафедра өзiнiң 70 жылдық мерейтойын тойлады. Ең басты мақсатымыз – заманауи талаптарға жауап беретiн мамандар даярлау. Кафедра тек бiлiм берiп қана қоймай, педагогика мәселелерi бойынша ғылыми зерттеу орталығының да мiндетiн атқарып отыр. Жалпы және этникалық педагогика кафедрасын педагогикалық идеялардың орталығы, қозғаушы күшi десек те, артық айтқандық емес. Бiлiм беру аса маңызды әлеуметтiк-мәдени құндылық десек, үлкен шығармашылық iзденiстi қажет ететiн осы шараны кафедра қызметкерлерi үлкен жауапкершiлiкпен атқарып отыр.

Мұғалiмдiк, ұстаздық қыз­мет­тiң мәртебесiн төмендетiп, беделiн түсiру бағытында бұқаралық ақпарат құралдары да, интернет де аянып қалып жат­қан жоқ. Әсiресе, интернеттегi жауапсыздықпен айтылған, аты-жөнi жоқ материалдар мен мәлiметтер жалпы ұстаздардың бет-бейнесi мен беделiне нұқ­сан келтiруде. Бұл да жөнге келтiрiлуi тиiс шаралардың бiрi.
Педагог мамандардың мәр­те­бесiнiң көтерiлмеуiне нарықтық қатынастар да өзiнше зиян келтiрiп отыр. Нарықтық қоғамдағы еңбек заңдылығы бойынша, “заманауи талаптарға жа­уап бере алмайтын” педагогтар қайраңға шығып қалып жатыр. Осының өзi де педагогтардың беделiн түсiруге жеткiлiктi. Осындай қиын-қыстау кезеңде жалпы бiлiм беру процесiндегi басты адам капиталы – педагогтың беделi жоғары, мәр­тебесi биiк болуы тиiс. Өйт­кенi алдына келген шәкiрттi тұлға етiп тәрбие­лейтiн үлкен жауапкершiлiк осы педагогтардың қолында.
Нарықтық қатынастар бе­лең алып, жұрт басы ауған жаққа бытырай қашқан уақытта да сүйiктi кәсiбiн тастамаған, шәкiрт тәрбиелеу iсiн өмiрiнiң мәнi мен маңызы деп бiлген ұстаздар қауымы қадiрлеуге әбден лайық. Осы орайдағы бiздiң мiндетiмiз, яғни жалпы және этникалық педагогика кафедрасының мақсаты – бәсекеге қабiлеттi, бiлiктiлiгi жоғары, заманға сай мамандар тәрбиелеу.
Гүлмира Қасен,
педагогика ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы;
Перизат Абдуллаева,
педагогика және психология магистрi, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті