1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №94 (15656) 24 қараша, бейсенбі 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
24 қараша 2011
Өңiмде де солай болса екен...

Менiң теледидардан қазақстандық арналарды қарауды қойғаныма бiраз болды. Қарасаң, басқа бiр әлемге түсiп кеткендейсiң. Сөздерiн тыңдасаң, қағанағы қарқ болған жандардың бақыттан бастары айналып отырғандай. Бәрi тамаша, айналаң толған гүл, құдды бiр жұмақта жүрген­дейсiң. Ал мен мұндай мамыражай, рахат сәттердi түсiмде көремiн. Кейде түстiң үзiлiп кеткенiне өкiнiп, “өңiмде де осындай болар ма едi?!” деп өкiнiш бiлдiресiң.

Мен көбiнесе кабелдiк арналардан әлем жаңалықтарын тыңдаймын. Айтпақшы, “Қа­зақ­стан” телеарнасы ендi түгелдей қазақ тiлiнде сөйлейдi дегендi естiгенде, сенер-сен­бесiмдi бiлмедiм. Тағы да “түс көрiп жатқан жоқпын ба?” деп көзiмдi қайта-қайта уқаладым...
О.Тұрсынбай,
Жаңаөзен қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті