1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (15652) 10 қараша, бейсенбі 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
10 қараша 2011
Не дерiмдi бiлмеймiн...

2010 жылдың мамыр айында 8 жасар қызым Әйгерiм екеумiз ауданымыздың әкiмi Ш.Кенжеевтiң айтуымен Темiрлан елдiмекенiндегi Б.Момышұлы көшесiнде салынған коммуналды сегiз үйдiң бiреуiне көшiп кiрдiк. Ендi, мiне, сол тұрып жатқан үйiмiзден ақыры қуып шығарды. “Адам басына шаққандағы үйдiң текше метрi сендерге сәйкес келмейдi, яғни артық және сендердi бұл үйге уақытша тұрғызғанбыз” дейдi. Ал егер заңға сүйенсек, мен сияқты жағдайы төмен отбасыларға немесе сандаған жыл кезекте тұрған отбасыларға неге берiлмейдi бұл үй? Мен осыдан кейiн бұл жерде заң жүзiнде ешқандай әдiлдiк бар деп айта алмаймын.

Қазiргi кезде қызымыз екеумiздi ауданымыздың бұрынғы ескi СЭС-тiң шатырынан су сорғалап ағып тұрған, адам тұрғысыз суық бөлмесiне әкеп тықты. Осы суық бөлмеде қызымыз екеумiз дiрдектеп жау­рап, ауыр күн кешудемiз. Қызым: “Папа, бiздi неге үйден шығарып жiбердi? Бiзге неге үй бермейдi?” – деп жылағанда не дерiмдi бiлмеймiн. Мұндай қолайсыз ауыр жағдай соғыста болған аталарымыздың басында да болмаған-ау, сiрә.
Оразбек Көлбаев,
Темiрлан елдiмекенi,
Ордабасы ауданы,
Оңтүстiк Қазақстан облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті