1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №86 (15648) 27 қазан, бейсенбі 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
27 қазан 2011
Көпен не дер екен?

Биылғы жылы “Ара” журналына жазылып едiм. Әлi қолыма бiр нөмiрi де тимедi. Пошта бөлiмiндегiлерден сұрасам, олар да бүгiнге дейiн бiрде-бiр нөмiрiнiң келмегенiн айтты. Орталық кiтапханадан алған жауабым да осындай болды. Мұңымды кiмге шағарымды бiлмей, сүйiктi газетiм “Жас Алаш” арқылы “Араға” iздеу салып отырмын. Бұл қалай? Жылдың соңы жақындап қалды. Қаңтардан берi “Араның” бiр нөмiрi жарыққа шықпағаны ма? “Ара ара болады, шаққан жерi жара болады” деп сынның садағын қаймықпай тартатын журналға не болды екен? Әлде, “Ара” өзiн-өзi сынап шағуға шамасы жетпей қалды ма екен. Бұған Көпен Әмiрбек не дер екен?

Төлеш Төребайұлы,
Қарағанды қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті