1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №86 (15648) 27 қазан, бейсенбі 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
27 қазан 2011
“Субботник” тамақ болмайды

Бiздiң Байзақ ауданы, Жақаш ауылы бойынша “Жас Алашқа” жалғыз мен жазылам. Өйткенi бұл газеттi басқа облыстық, аудандық газет, не болмаса басқа партиялардың газетi сияқты әкiмдер салық салып күштеп жаздырмайды. Және ауылда жұмыс iс­темейтiн, зейнетақысы түкке жетпейтiн кедей халыққа “Жас Алаштың” бағасы ауырлау соға ма, бiлмеймiн. Ел жаңалыққа құмар, бiрақ жазыла алмайды. Үгiт жұмысы да нашар. Ал мұғалiм, басқа мамандарға басқа газеттi директорлар күштеп жаздырады. Ал ол газет оқылмайды, баратын жерi — ет орау, аяқ киiм орау, тағы басқа жерлерге пайдаланылады. Әкiмдер, директорлар, бастықтар халықты басынғанын қоймай ма? Бiр жағынан жұмыссыздық елдi жағымпаз, қорқақ қылды. Елдiң көңiлiн көтерiп, ауылды ел етуге ұмтылатын қазақ жiгiт­терiн көрмедiм. Сөзi өктем, көктен түскендей. Ауылында не газ жоқ, тезек жағып отыр. Ауызсу жет­пейдi, жолымен жүр­сең миың аузыңа түседi. Соны көрiп отырып, елдi қорқытып сөйлейдi. Бiзде субботник болушы едi. Қазiр отырған үйiмiз әксiз тұр. Айдаладағы ағаштардың түбiн әктейдi. Бұл не сонда, баршылыққа жата ма, жоқ халықтың мә­дениетiнiң жоғарылығын көрсеткенi ме? Бұл, әрине, ақшаны желге шашу. Соған кеткен ақшаны, кедейлерге бөлiп берсе, бiр күн болса да қарны тойып, әкiмшiлiкке рақметiн айтпай ма? Айдаладағы ағаш рақметiн айта ма?

Еркiн САРТАЙҰЛЫ,
Жамбыл облысы,
Байзақ ауданы
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті