1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №84 (15646) 20 қазан, бейсенбі 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
20 қазан 2011
Екiнтi намазын басқа намазға қосып оқу ақылға сыймайды

Бiр тақырыпқа екi хат

Соңғы кезде қазақ елiнде Құдайға бет бұрған қазаққа қарсы соғыс ашылғандай көрiнедi. Мұсылман жүрегiнiң қалауы – Құдайға деген құлшылық етуге кедергi келтiрсе, мұны соғыс демегенде, не деймiз? Қайрат Лама Шәрiптiң ашқан “жаңалығындай” Ислам дiнiндегi екiнтi намазын басқа намаздарға қосып оқи салу – ақылға сыймайтын нәрсе. Олай болса, пайғамбарымыз неге бес уақыт намаз деп емес, төрт уақыт намаз деп парыз ете салмады? Я болмаса, бес уақыт намазды қосып бiр-ақ намаз оқуға болады деген заң шығарып алатын едiк қой, әркiм өз бiлгенiнше жаңалық аша берсе.
Күн шықпай және күн батпай оқылатын намаздар ең маңызды құлшылық екенiн шариғаттан хабары бар әрбiр жан жақсы түсiнедi. Ал бүгiн келiп, ертең кететiн көп басшының бiрi жаңалық ашты екен деп намаз уақы­тын ауыстыра берсек, мұсылмандығымыз қайда қалады?
Ислам дiнi – талай ғасырдан берi келе жатыр, Құранның нүктесiне дейiн өзгертуге хақымыз жоқ.
Исламға, мұсылмандарға деген осындай көзқарас неден пайда болды? Менiңше, оның бiрнеше себебi бар.
Бiрiншiсi – бiлiмсiздiк. Бiзде ислам дiнiнен бiлiмi таяз, дiнге үрке қарайтындар әлi көп. Кеңес үкiметiнiң тәрбиесiн көргендер бар, одан АҚШ-тың ислам дiнiн құбыжық етiп көрсету саясатына сенетiндер бар.
Екiншiден, ақ пен қараның не екенiн бiле тұра, мұсылмандық жолын iштей жақтырмайтындар да бар. Мына дүрбелең дәл сондай исламға қарсы жандардың ойын ашық айтып, “шаш ал десе, бас алатын” сәтiн туғызған сияқты. Олар өз бойын­дағы көреалмаушылықтың кесi­рiнен тура жолға түскен жандарды жақтырмайды. Тап бiр қазақтың салтын бұлжымай орындап, ертелi-кеш оюлы шапан киiп жүргендей сөйлейдi.
Жүрегi құлыптаулы қанша қазақ қарсы болса да, иман жолын өз жүрегiмен таңдағандар сол жолдан таймасы анық. Ал осы дiн жолындағы жандарға үрке қарау неден туды? Бiлместiктен. Өзiнiң не үшiн жаралғанын түсiнбеуден және түсiнуге тырыспаудан.
Қазақтың басым бөлiгi Аллаға құлшылық ету мен намаз оқуды зейнетке шыққанда уақыт өткiзу үшiн тындыратын тiрлiк деп ұғады. Құдды бiр зейнетке шыққанша тiрi жүретiнiне көзi жететiндей.
Қазақтың Құдаймен қатынасы артынан арақ iшетiн құдайы тамақпен, анда-санда жетi шелпек пiсiрумен және ауыз бекiтпеген туыстарын жинап ауызашар берумен шектеледi. Зекет деген парызды бiлетiндер тым аз. Пәлен мың теңгеге киiм киiп, пәлен мың долларға көлiк мiнетiндер көп-ақ, бiрақ пәлен мың теңгеге қайырымдылық жасапты дегендi сирек естимiз.
Алайда харамға жұмсалатын ақшаларында қисап жоқ. Той жасаймын деп кедей несие алып жыртылса, байлар ағыл-тегiл той жасап жатыр. Ондағы араққа кеткен ақшаның өзiне қанша сауапты iстер жасауға боларын санаған жан жоқ.
Исламда күштеу, зорлық жоқ. Ешкiм ешкiмдi күштеп намаз оқытып, орамал таққызбайтынын түсiнейiк. Оның барлығы – тек жүрек қалауымен жасалатын дүние.
 
Нұрай Әдiлет,
Шымкент қаласы.
 
БАР АЙЫБЫ – НАМАЗ ОҚЫҒАНЫ
Жақында Ақтөбе облыстық сотындағы жұмысынан шеттетiл­ген судья Ағысбек Төлегенов – менiң нағашы ағам. Оны қызметтен қудалап жүрген – өзiнiң тiкелей басшысы. Бар кiнәсi – намаз оқығаны. Ағам мешiтке намаз оқуға барады, халыққа кеңес бередi. Болған-бiткенi сол. Оған басқа айып тағатын жөнi жоқ.
Ақтөбедегi апамның үйiне автомат асынған полицейлер келiп, тексерiп кеттi. Ақтөбе қаласының прокуратурасына осы жайды айтып, шағымданып едiм, әлi жауап жоқ.
Бұған дейiн көшеде келе жатқан намаз оқитын адамдарды полиция қызметкерлерiнiң автобусқа тиеп алып кеткен кездерi де болды. Осылайша бағзыдан берi ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан дiнiмiздi ұстауға қарсылық бiлдiрiп жатыр.
Тоқтамыс Айдосов
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті