1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №78 (15640) 29 қыркүйек, бейсенбі 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
29 қыркүйек 2011
Мұғалiмдер тексеру комиссияларынан қорықпайды

Көптеген мектептер бiлiмсiз оқушыны, ал жоғары оқу орындары – сапасыз маман дайындап жат­қанынан хабардармыз. Емтихандардан ақшамен өту “модаға” айналып кеттi. Ал ақылы оқу орындарында бiлiм деңгейi жоғары болады дегенге сену өте қиын. Жоғар­ғы оқу орындарының сапасыз мамандар дайындауда олқылықтары жеткiлiктi. Тiптi жылдан-жылға бұл үрдiс тереңдеп бара жатқан сияқты.

Мектеп – iргетасы қаланатын қасиеттi мекен. Егер бiздiң iрге­тасымыз мықты болса ғана бiлiмдi оқушылар шығады. Өкiнiшке қарай, бiздiң iргетасымыз шытынап жатыр. Оған себеп – ұстаздардың жаңа технологияны, әдiстеменi, жалпы жаңашылдықты игере алмауы, бұрынғы деңгейлерiнен аса алмай, жалқаулыққа салынып, деңгейлерiнiң төмендеп бара жат­қаны, өзгерiске дайын еместiгi, пән кабинеттерiнiң талапқа сай жабдықталмауы, көрнекi, техникалық құралдардың жоқтығы. Менiңше, қазiргi кезде бiлiмi нашар немесе бiлiм деңгейi орташа мұғалiмдер тексеру комиссияларынан қорықпайды. Себебi тексерушi мен тексерушiнiң арасында “ақша” деген “көпiр” пайда болды, олар осы әдiспен сол қауiптi “көпiрлерден” көз қысты, бармақ басты өтiп жатыр. Осындай жағдайда мектеп проблемаларының шешiлуi, рет­телуi, жаңашылдығының шарықтауы мүмкiн емес. Мұғалiм­дердiң iзденуi жеткiлiксiз, мұны толық сенiммен айта аламыз.
Мектептерде тозығы жеткен көрнекiлiктер үйiлiп жатыр, сабаққа пайдалануға жарамсыз. Ал құр оқулықпен оқушыларға бiлiм бере алмаймыз. Бiзде қазiр мұғалiмдер көп, бiрақ нағыз ұстаздар жоқ. Ал бiзге керегi мұғалiм емес, ұстаз. Осы орайда ұстаздар қатарын көбейткен абзал. Қазiргi балалар ерекше дарынды, қабiлеттi. Ал бiз оларды мектеп бiтiргенше бiлiмсiз етiп шығарудамыз. Мұ­ғалiм­дер бағыт беруге қабiлетсiз.
Бiзде кеңестен қалған: мұғалiм оқушыға тек бiлiм беруге ғана мiндеттi деген түсiнiк басым. Мұғалiм оқушыға бiлiмнiң керек екенiн ұғындыруға тиiс, оған бағыт көрсетуi тиiс. Сонда оқушы да сабаққа үлкен жауапкершiлiкпен қарайды, қызығушылығы оянады. Мұғалiмдер қазiр санатын өсiру үшiн кiтаптан, интернеттен көшiрiп, авторы басқа дүниенi өзiнiкiндей етiп өткiзуде. Оны тексерiп жатқан бiр жан жоқ.
Ауылдық жерлердегi мектептерде көрнекiлiк, техникалық құралдар жетiспейдi. Бiз тәрбиеден алыс­тап барамыз. Тәрбиесiз бiлiм берудемiз. Мұғалiмдер қазiр қағазбен iстелетiн жұмысты артығымен орындап жатыр. Бiрақ одан нәтиже жоқ. Кезiнде бабаларымыз “сөз бен iс егiз” деп айтып кеткен. Бiзде қазiр тек сөз. Сөз деп отырғанымыз –­ семинарлар. Тәрбиесiз бiлiм беру арқылы бiз өзiмiзге жау жинап жатырмыз. Тәрбие деген тәртiп емес. Тәрбие – ой тудыру, бiз ойлаудан қалып барамыз. Мұның арты жақсылыққа апармайды.
Мұғалiмдердiң түсiнiгi қызық. Олар оқушы есептi жақсы шығара алса, сабақты жақсы айтып берсе, соны жақсы бала деп қабылдайды. Ал шындығында, олай емес. Кiм тәрбиелi болса, сол жақсы оқушы болады. Тестiмен дайындалып “Алтын белгiнi” алып шығады. Ал ертең түкке де жарамай қалуы мүмкiн... Кiмде “Алтын белгi” бар, соларда бiлiм жоғары деп ойлайды. Бұл – қате ұғым. Осының салдарынан әр мектеп, қала бердi аудан, қала оқушыларын “Алтын белгiге” тықпыштап, бiлiмсiз оқушылардың артуына әкеп соқтыруда. Тест-тест деп оқушылар қарапайым ғана психологиялық сұрақтарға ғана жауап бере алмай қалды. Ойлана алмайды, шектелiп қалған...
 
Құдайберген  Жылқыбайұлы,
Н.Назарбаевтың “Алғыс хатының” иегерi,
Ұйғыр ауданы,
Алматы облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті