1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №74 (15636) 15 қыркүйек, бейсенбі 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
15 қыркүйек 2011
Аякөздi аяймын

Өмiрде дәлелдi сөйлесең, еш­кiмнен ұтылмайсың. Дәйексiз сөйлесең, бәледен құтылмайсың. Қазiр газетке мақала жазу да қиын. Себебi кейбiр дөкейлер “ар-намысыма тiл тигiздi” деп бiр ауыз сөзiңе бола, дұрыс сөзiңнiң өзiн бұрысқа айналдырып, таныс соты арқылы түбiңе жетуi әбден ықтимал. Аякөздiң арнасы бүгiн керi ағып жатыр. Жолдары, ауызсуы, тазалығы, жылуы, жарығы заман талабынан қалыс қалған Аякөз ауданына былтыр Зайсаннан Әнуарбек Мұхтарханов әкiм болып келдi. Әуел баста өзге әкiмдер сияқты халықтың қаражатын жеп-жеп, қарны тойған соң безетiн шығар деген ойда болдық. Жоқ, керiсiнше, Аякөздiң ажарына қан жүрiп, ­бойы­на жан кiрiп қалған сыңайлы. Орталық көшелер ретке келiп қалды. Тек Құдай ұзағынан сүйiндiрсiн деймiз.

Бастысын айтар болсам, бiз, аякөздiктер өзiмiздiң туған жерi­мiздiң атауын дұрыс айтып, жазып жүрген жоқпыз. Аякөздiң орнына Аягуз, Аягоз, Аякоз, Аягөз деймiз. Ақтанбердi көшесiнiң бiр жерi Ақтамбердi болса, бiр тұсы – Ақтанбердi. Б.Момышұлы көше­сiнде Каз ССР деген тақтайшалар әлi күнге дейiн сүрiдей сақталып тұр. “Әлем” тойханасы “Алем” делiнген. Мұндай олқылықтарды тiзе берсең, газет бетiне сыймай кетер.
Талайлар Аякөздi “қылмысты жер” дейдi. Онысынан жалтара алмаймыз. Бiрақ бұл мақтан емес. Атышулы Битантаудың бауырынан адам өлiгi табылып жатыр, қала түгiлi, ауылдардың өзi рухани аз­ғындау үстiнде. Айталық, Баршатас аулының екi қарақшысы саудамен айналысатын екi әйелдi айуандықпен қан-жоса қылып, өз үйлерiнде жазым еткен. Ұлдарымыз арақ-шарапты былай қойып, нашақорлықтың шырмауына түсе бастаса, қыздарымыз жеңiл жүрiске салынып, сыра, темекiге әуестенiп барады. Мұның бәрi имансыздықтың, тәрбиенiң жоқтығы мен тәртiп сақшыларының жұмысқа немқұрайлы қарауының белгiсi.
“Балық басынан шiридi” де­мекшi, бiздiң кейбiр бастықтардың өзi шенеунiктiк шеңберден шығып, қылмыскерге тән қылықтар жасауда. Мәселен, аудандық мәдениет үйiнiң бастығы Ақаш Көксегенов. Өзi намазхан бола тұра, күпiрлiк жасап, қоластындағыларға былапыт сөз айтып жүредi. Мысалы, қоластында электрик болып жұмыс iстейтiн, қаршадай ғана жетiм бала Н.Жұмахановқа болымсыз себеппен қол көтерiп, елдiң көзiнше ар-намысын табанға таптап, жұмыс­тан шығарып жiберген. Қазiр оған қызметкерлерiнiң көбi “ләм” деп аузын да аша алмайды. “Аш пәледен қаш пәле”, – дейдi.
Аудан әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Сейiлбек Әбиүрұлы да ылғи қарапайым халыққа зекiп, дөрекi сөйлеп, кекетiп жауап берiп, әсi­ресе, мәдениет үйiнiң қыз­мет­керлерiне қырғидай шүйiледi. Жуыр­да ол да А.Ақтемiров атты жас әншiмiздi сабап, бүйрегiне зақым келтiрiптi. Мемлекеттiк қызмет­­керлердiң этикалық нормасын бұзатын басшысымақтарымыздың сиқы осы болса басқасына не жорық?
Өз басым озбыр басшылардың осындай қылықтары мен қысымынан кейiн, өз еркiммен жұмыстан шығып кеттiм. Ол жасаған қадамыма өкiн­беймiн де. Тек бұрынғы әрiптес­терiме жаным ашиды.
 
Қазбек БАЙЖҰМАНОВ,
Ж.Жабаев атындағы №161 лицей директорының тәрбие iсi жөнiндегi бiрiншi орынбасары,
Алматы қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті