1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №70 (15632) 1 қыркүйек, бейсенбі 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
1 қыркүйек 2011
Классиктерiмiздiң сөзiн өзгертуге болмайды

Көрнектi қаламгерлерiмiздiң шығармаларын жас ұрпақ жүре­гiне жеткiзе ұғындыруда “Әдебиет” оқулықтарының үлесi ерекше. Бiрақ оқулыққа енгiзiлген шығармалар мәтiнiндегi кей сөз­дердiң құрастырушылар тарапынан жөнсiз өзгерiске ұшырауы көңiлге қонбайды. Мәселен, 5-сыныпқа арналған “Әдебиет” оқулығының 2005 жылғы басылымында (“Атамұра” баспасы) Iлияс Жансүгiровтiң “Күй” поэ­масының:

Күннен күн, аптадан ай, айлар өттi,
Төлежiп, түгi түлеп, желiн жеттi.
Күн бiттi, боз iнгенше боталапты,
Ботасы алтын басты, күмiс көттi, –
деген бiр шумағының төртiн­шi жолы: “Ботасы алтын басты, күмiс дептi” болып өзгертiлген. Бұл өзгерiс оқулықтың 2010 жыл­ғы басылымында да қайталаныпты.
Айтайын дегенiм, осыдан не ұттық? Керiсiнше, осы өзгертiл­ген, “түзетiлген” өлең жолының мағынасы түсiнiксiз, көмескi. Сонда мұны “алтын басты күмiс бота” деп ұғамыз ба? Ал Iлияс ақынның суреттеуiндегi бота: “Алтын басты, күмiс көттi” емес пе?
Ұлы ақынымыз Iлияс Жансү­гiров қолданған сөз оқулықтың келесi басылымында өз орнын табатын болар деген үмiттемiн. Жалпы, классиктерiмiздiң (Абай, Мұхтар Әуезов, Жүсiпбек Айма­уытов және т.б.) сөзiне тиiспе­генiмiз абзал.
 
Құттымұрат Раманұлы,
Қаратау қаласы,
Жамбыл облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті