1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №68 (15630) 25 тамыз, бейсенбі 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
25 тамыз 2011
ҰБТ-ның зияннан басқа берерi жоқ

Менiң бұл мақаланы жазу себебiм… ҰБТ жайы болып отыр. Осымен сегiзiншi жыл қатарынан өткiзiлген тестiлеу онсыз да қадiрi түсiп бара жатқан ана тiлiмiздiң беделiн одан сайын түсiруде. Олай дейтiнiм, сөйлей алатын “мылқаулардың” бiлiмiн анықтайтын тестiлеу шын бiлiмдi сұйылтумен қоса, екi сөздiң басын әрең қосатын қазақтарға тiптен жақсы болды. Тiлiмiздiң құрметiн арттырып, тiл байлығымызға демеу болудың орнына мүлде шектеп тастағандай.

Сонымен қатар, “Тисе терекке, тимесе бұтаққа” деп болжалдап белгiлейтiн оқушылардың ұпайы 11 жыл бойы аянбай еңбектенген оқушылардан асып түсiп, грант иегерi атануы, ал мектеп табалдырығын аттаған сәттен қоштасар кезеңге дейiн үздiк оқыған оқушылардың оқуға түсе алмауы қынжылтады. “Болашақ – жастарда”, “Жастар – өмiрдiң жалғасы”, “Қазақстанымызды биiкке көтеретiн – жастар” деймiз-ау тағы... Алайда мәселе бiлiмге емес, ақша мен танысқа тiрелiп тұрған заманда, әлеуметтiк жағдайы төмен жастардың өмiрден өз орындарын табуы да қиын. Әрi бұл жайт Қазақстанымызды биiкке көтермесi де хақ. Яғни ҰБТ – рухани байлығымыз бен бiлiмiмiзге орасан зиянын және керi әсерiн тигiзедi. Жүйкенi шымырлатқан ащы шындық осы.
Шынар Жеңiсқызы,
Қызылқайың ауылы,
Алакөл ауданы,
Алматы облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті