1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №68 (15630) 25 тамыз, бейсенбі 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
25 тамыз 2011
Әкем Қажымұқанмен күрескен

Бұл оқиға Оңтүстiк Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы Абай ауылында болған. Әкем сол тұста жиырма бестердегi жiгiт екен. Өзi қапсағай денелi, iрi де қарулы болыпты. Өзiнiң салмағы 120 келi шамасында. Күш атасы атанған алып Қажымұқан бiрде жолы түсiп бiздiң ауылға келгенде халық алдында өнер көрсетiп, кеудесiне қойған үлкен тасты әкеме салмағы ауыр балғамен ұрғызады. Бiр соққанда-ақ тас екiге бөлiнiп кетедi. Палуан қолын көтерiп, “тоқтат” деген белгi бередi. Әдетте тас жарылмай, бiрнеше соққы жасалады екен.

Сол күнi кешкiсiн әкем Қажымұқанды колхоз бастығы Тұртай ағасының үйiне машинасымен алып барады. Тамақтанып болған соң “Сенде күш бар екен, менiмен күреске түс” дейдi. Мұны естiгенде әкем шошып кетiптi. Қажекең сонда жай ғана жымиып: “Қорықпа, мен сенi езiп тастамаймын, тiптi жықпаймын да, тең күресемiз. Күшiңнiң бар екенiн жұрт бiлсiн, тамаша көрiп көңiлдерi көтерiлсiн”, – дептi. Сөйтiп, қалай күресу қажеттiгiн өзi екi-үш күн үйретiп, халық алдына шығуға даярлық жасапты.
Ол кезде аптаның жұмасы қазiргi жексенбi сияқты демалыс екен. Сол күнi-ақ “Ишанбазар ауылында Әлем чемпионы Қажымұқан мен Тегiсшiл ауылының 25 жасар шоферi күреске түседi” деп латын әрпiмен жазылған жарнама жан-жаққа таратылады. Тамашаға халық көп жиналады. Бұл ауылдан 20 шақырым жердегi Ташкенттен де көрермендер ағылып келедi.
Екi палуанның күресi ұзаққа созылыпты. Халық бұл кереметке сенерiн де, сенбесiн де бiлмей менiң әкемдi қолпаштап, қаумалап және екi жұмадан соң қайта күресуге үгiттейдi. Қажекеңнiң мақсаты жұрттың көңiлiн көтеру ғой, қуана келiсiмiн бередi. Сонымен күрестi ұйымдастырушылар қарымта белдесудiң екi аптадан соң осы жерде өтетiнiн жариялайды.
Бұл хабар талай жерге тез тарап, Сыр бойындағылар атпен, есекпен, түйемен бiр-екi күн бұрын келiп жатып алады. Құда-жекжаттарына бара алмай жүргендерге бұл сылтау болады. Ташкенттен халық көп келедi. Күрестi үйдiң төбесiне, ағаш басына шығып көргендер де болыпты.
Екi аралықта палуан әкемдi күресудiң тактикасына үйретедi. Бұл күрес те тепе-тең аяқталады. Әрине, Қажымұқан жеңу үшiн емес, соғыс есеңгiреткен жұрттың көңiлiн сергiту үшiн күрестi. Сол арқылы менiң әкемнiң абырой-беделiн арттырып кеттi. Мен де әкемнiң атақты Қажымұқанмен күрескенiн ұдайы мақтаныш тұтып жүремiн.
 
Бекболат ТАСБОЛАТҰЛЫ,
Оңтүстiк Қазақстан облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті