1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №62 (15624) 4 тамыз, бейсенбі 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
4 тамыз 2011
Сағыныш-ай

Осыдан 50 жыл бұрын арман қуып, бiлiм алуға Алматыға, қасиеттi қара шаңырақ – Қазақтың мемлекеттiк қыздар институтының кiтапхана фа­культетiне (бiр орын­ға 5-6 адамнан тұратын бiлiм жарысынан өтiп) 50 қыз оқуға алынып едiк. Бiр жатақханада жатып, бiр асханадан тамақтанып, бiр дәрiсханаларда лекция тыңдап, кiтапханалардың оқу залында да бiрге да­йындалып, демалыстарды да бiрге өткiзгендiктен болар, бiр отбасының балаларындай бауырласып кеттiк. Институт қабырғасындағы қызықты өмiр, қыздар арасындағы сырласулар жазғы каникулда Мақтааралда мақта терумен, Қостанайда қырманда астық жинаумен, құрылыс отрядтарында жұмыс iстеумен жалғасын тауып жатты.

Соңғы курстарда бiраз қыздарымыз тұрмыс құр­ды. Оларды қалыңдық киiмiне киiндiрiп, түрлi ұлттық рәсiмдердi жасап, жатақханадан шығарып салып, тойларын өткiздiк. Жаңа туыс-жекжаттар: жезделер мен күйеубалалы болып жаттық. Алғаш­қы дүниеге келген балаларымызды да кезекпен бағып, анасын оқуынан қалдырмай, емтиханын тапсыртатын едiк. Мiне, осындай достығымыз оқу бi­тiр­ген соң да үзiлмедi. Көбiсiмен хабарласып тұрдық. Ендi мiне, бiр-бiрiмiзбен дидарласу үшiн, әрi алтын ұя – бiлiм ордамызға шәкiрт сағынышын жеткiзiп, тағзым ету үшiн 45 жылдан соң кездесуге жиналдық. 1961-65 жылдары оқыған 18-23 жастағы бойжеткен қыздар қазiр 60-ты алқымдап, 70-ке жетiп қалған шақтағы кездесуде жүрек дүрсiлi мен жан толқуын жеткiзуге тiл жетпейдi.
Күләш Ибраева, Люда Қасымханова, Тамара Дүй­­сен­бина, Күлшаруан Күзербаева, Жақан Абдрахова, Тамара Темiр­әли­ева, Ботагөз Өтегенова және тағы да басқа курстастарымды көрiп, бiр жырғап қалдық. Баяғы жезделер мен күйеубалалар да шұрқырасып амандасып жатыр. Ұстаздарымыз Әлiбек Жөкебаевты, Әми­на Мәметованы, тарих пәнiнен сабақ берген Жиреншиндi және басқа да ұстаздарымызды, курстастарымызды еске алдық. “Жатқан жерлерi жайлы болсын!” деп, орнымыздан тұ­рып тағзым еттiк. Әрине, кездесуге түрлi себептермен келе алмаған курстастармен кездесе алмағанымызға қынжылдық та. Әйтсе де, өткен-кеткендi еске алып, бiраз марқайып қалдық. Ұстазымыз Шолпан Бақмағамбетованы кездестiр­генi­мiзге қатты қуандық.
Иә, кездесуге арналған 5 күнiмiз 5 минуттай болған жоқ, өте шықты. Шығарып салған құрбыларыммен, Алматымен, бiлiм ордасы Қазақтың мем­ле­кеттiк қыздар универ­сите­тiмен қимастықпен қоштас­тық. Тағдыр қайтадан көрiсуге жазсын!
 
Айжан Сарыбаева,
Ақтөбе қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті