1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №95 (15449) 26 қараша, бейсенбі 2009
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
26 қараша 2009
Жарылқаушыдан жылқы сұрама

Қой мен сиырдың етiн тегiн жеп, әбден семiрген бiр молданың әйелi бiрде жылқының қазы-қартасын жегiсi кеп күйеуiне:

– Отағасы, көршiлердiң бәрi жылда соғымға жылқы соя­ды, биыл сiз бiзге не соясыз? – деп төтесiнен сұрақ қо­йыпты. Ақылсыз, тойымсыз әйелiне қатты ашуланған молда селк-селк етiп:
 
– Азғантай мал өссiн деп жүрмiн, қазы-қарта жемесең, сен не, қысыр қаласың ба? Бiле бiлсең, басқа мұсылман елдерi жылқының етiн жемейдi, әне,   солардан үйрену керек саған. Бiзге былтыр да, биыл да соғым   уақытында Құрбан айт келiп, Құдайдың өзi жарылқады емес пе? Былтырғыдай кiлетiңдi етке толтырып берсем, жетпей ме саған? Қалай болса солай сөйлемей, аузыңды жап, күнә болады, – деген екен.
 
Мамырбек БАРАҚБАЙ,
Көксу ауданы,
Алматы облысы.
Әзiл-шыны аралас
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті