1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №95 (15449) 26 қараша, бейсенбі 2009
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
26 қараша 2009
Жанды бетбұрыс жоқ

Республикада қалыптас­қан қазiргi тiлдiк ахуал өзiнiң перспективалық   жобасынан алшақ тұр. Оның себебi, бiрiн­шiден, қазақ тiлi мем­лекеттiк өмiрдiң барлық қоғамдық маңызды салаларында талап етiлмей келедi. Екiншiден, қазақ тiлi мемлекет iшiнде ұлтаралық қарым-қатынас тiлiне де айнала алмай келедi. Үшiншiден, мемлекеттiк қызметкерлердiң басым көпшiлiгi қазақ тiлiнде еркiн сөйлеп, жаза бiлмейдi.

Қазақ тiлi – бай тiл. Қазiр дүниежүзiнде 5651 тiл болса, қазақ тiлi соның iшiнде сөйлеушiсiнiң саны жағынан алғашқы 70 тiлдiң санатында   екен. Сондықтан Қазақстанда қазақ тiлiн бiлу өзге ұлт өкiлдерi үшiн аса қажет. Қазақ тiлiнiң қоғамдық қызметiнiң ауқымы уақыт талабына сай өркендеуi –қажеттi құбылыс.
Жасыратыны жоқ, қазiр қазақ тiлi үшiн, оның мемлекеттiк дәрежесiн сақтау үшiн күрес жүрiп жатыр. Ол екi майданда жүрiп келедi. Бiрi – қазақ тiлiнiң әлеуметтiк қызметiн күшейту, яғни мемлекеттiк тiл ретiндегi орнын таныту майданы болса, екiншiсi – сол танылған, жетiлген тiлiмiздiң қолданыс мәдениетiн көтеруге қатысты күрес.
 90-жылдары қазақ тiлiн мемлекет­тiк тiл деп жариялағанда бәрiмiз де қуандық. Орыс мектебiндегi балаларымызды (бiр сынып төмен болса да) қазақ мектебiне жетелеп барып оқыттық. 4-5 жылдай серпiндi ықпал болып, одан әрi тоқтап қалды. Оның се­бебi, балабақшаларды, қа­зақ мектептерiн көбейту, кiтаптарды көптеп шығару жұмыстары үшiн, қазақ тiлiн жетiк үйрену үшiн жанды бетбұрыс болмады. Оның үстiне экономикалық қиыншылықтар да болды. Дегенмен, орыс мектептерiнде   қазақ тiлiн оқып-үйренуге ерекше көңiл бөлiп, бұрын қазақ мектеп­терiнде орыс тiлiн қалай оқытса, қазақ тiлiн де солай оқыту керек едi. Сағат көбейтiп, бiлiмдi ұстаздарды сондай мектептерге жiберген жөн едi. Қазақ тiлiне деген қа­жеттiлiк болмады.
Әлi де кеш емес. Мәселен, “қазақ тiлiн бiлмесең, азаматтық ала алмайсың”, “қазақ тiлiн бiлмесең, жоғары қызметке бара алмайсың” делiнсе, әрқайсысы өзiне керек болған соң тырмысар едi.
 
Шайдарбек қажы ӘШIМҰЛЫ,
Жаңақорған кентi,
Қызылорда облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті