1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №95 (15449) 26 қараша, бейсенбі 2009
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
26 қараша 2009
Мемлекеттiк тiл мүдiрiп тұр

Бiздiң Бөрлi ауданында мемлекеттiк тiл мүдiрiп тұр, iлгерi жылжыр емес. Аудандық әкiмнен бастап, оған қарасты мемлекеттiк мекемелер басшылары қазақ тiлiне немқұрайды қарайды. Жиналыс, мәслихат отырысы, сессиялар, тағы тағылар ресми тiлде – орыс тiлiнде өтедi. Бiр-екi мысал: аудан әкiмi 8 наурыз халықаралық әйелдер күнiнде құттықтау хатын жұртшылыққа орыс тiлiнде оқыды. 9 мамыр Жеңiс күнiнде құттықтау сөзiн ресми тiлде бастап, орысша аяқтады. Сол екi салтанатты кеште ақ жаулықты әжелер, көпбалалы аналар, соғыс және тыл ардагерлерi, қариялар қатысты. Көпшiлiгi өзiмiздiң қара көздер. Әкiмнiң мұнысы, бiрiншiден, мемлекеттiк «Тiл туралы» заңды бұзғаны, екiншiден, бабалар тiлiн, үлкендердi сыйламағаны.

Әкiмқаралар осылай заңды белшесiнен басып, қазақ халқының тiлiн, дiлiн бұзып жатқанда оны көрген жастар не iстемесiн? Көшеде, мекемеде, жұмыс орнында қазақтар өзара орыс тiлiнде сөйлейдi. Биыл “Тiл туралы” заңның қабылданғанына 20 жыл. Қайдағы бiр “үштұғырлы тiл”, “қазақстандық ұлт” дегендердi халықтың санасына тықпалауда. Бұл – қазақ тiлiн, ұлттық рухты, салт-дәстүрдi қорлау.
 
Қуанышқали ҒҰСМАНОВ,
Ақсай қаласы,
Бөрлi ауданы,
Батыс Қазақстан облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті