1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №95 (15449) 26 қараша, бейсенбі 2009
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
26 қараша 2009
“Қойшының аңызы” қиссасы қайта жарық көрсе...

Мен Сарысу ауданында тұрамын. Бiрде 82 жас­тағы Жұман деген қарияға жолығып қалдым. Жұмекең 1925 жылдары “Қойшының аңызы” деген кiтап шыққанын   айтты. Бұл қисса латын әрпiмен жарыққа шыққан екен. Қария қиссаны түгел жаттаған көрiнедi, бiрақ көбiсiн ұмытыпты. Қиссаны кiм шығарғанын бiлмейдi. Маған есiнде қалған мына жолдарды айтып бердi:

 
Бұлшылықтың сыртында қаптаған мал,
Қойшылар дағдысына келiптi дәл.
Көп қойдың ортасында бiр төбеде
Сөйлесiп отыр екi қойшы, бiреуi – шал.
Жас қойшы тыңдап отыр қасындағы,
Тұмағын қолына ұстап басындағы.
 
Ертеде болған екен ер Ағыбай,
Ол кезде ер болмаған Ағыбайдай.
Баяғы Кенесары заманында
Ерлiгiн көрсетiптi елге талай.
Байқауымша, бұл қисса Кенесары хан мен Ағыбай батыр туралы сияқты. “Қойшының аңызы” қиссасы қайта жарық көрiп, оқырмандарын тап­қаны құба-құп.
 
Байдiлда ШЫНБАТЫРОВ,
Тоғызкент ауылы,
Сарысу ауданы,
Жамбыл облысы.
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті