1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №56 (15618) 19 шілде, сейсенбі 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
19 шілде 2011
Қадiрiмнiң қашқанына жылаймын

Жұмыс уақыты бастала салысымен әрiптесiм Володяны сөзге тарттым.

– Кеше футболды көрдiң бе? Әйтеуiр әупiрiмдеп жүрiп, әзiр­байжандарды 1:2 есебiмен ұттық-ау, – деймiн мен көп уақыттан берi жеңiлiстен жауыр болған құрамамыздың табысына көңiлiм тоғайып.
– Жоқ, бiз 3:1 есебiмен жеңдiк, – дедi Володя да бастырмалап.
– Сен бiр голды қайдан соғып жүрсiң? Әзiрбайжандарға қарсы ойында қос голды да екiншi тайм­да соқтық емес пе? – деп күлiп едiм, “мынаның есi дұрыс па?” дегендей бетiме ожырая қарады да:
– Бiз әзiрбайжандармен емес, армяндармен ойнадық, – демесi бар ма?
Менiң бағанадан бергi қуанышым су сепкендей сап тыйылды. “Мен не деймiн, домбырам не дейдi” дегеннiң керi келдi. Мен Қазақстан – Әзiрбайжан ойынын, ол Ресей – Армения арасындағы тартысты тамашалапты. Володя сол ойынды көргеннен кейiнгi күйiнiшiн де ақтарды. Дәл қазiргi орыстардың футболы бұған ұнамайды екен. Қандастарының жарытып доп тебе алмайтынына күйзелiсiн де айтып қалды. Менiң айтқандарым зая кетiптi. Володя қазақ футболына жанкүйер болу былай тұрсын, мүлде көрмейдi екен. Тiптi бiрде-бiр Қазақстан ұлттық құрамасының футболшыларын танымайтын да болып шықты. Бiлуге де ықыласты емес.
Ұлтшылдық тек спортта ғана емес, мәдениеттiң де қан тамырына құрт түсiре бастаған ба, қалай өзi.
Бiрде қалалық қоғамдық көлiк iшiнде орыс кемпiрмен әңгiме­лескем. Алғашында сөз саптасы, айтқандары дұрыс едi. Артынан... Кемпiр қыз күнiнде Шымкентке келiп, тұрақ тауыпты. Ұзақ жыл бiр мекемеде қызмет етiп, зейнет демалысына шығыпты. Әңгiме арасында бүгiн теледидардан орыс әртiсiнiң мерейтойына орай болған концерттi көрсететiнiн, бар шаруасын ысырып қойып, соны тамашалайтынын мақтана айтты. Оның өте дарынды екенiн, жасы жетпiстен асса да әндi әжеп­тәуiр айтатынын жеткiздi. Сөз арасында маған да көруiмдi өтiндi. Бiзде де жасы сексенге келсе де, әнiн үзбеген Бибiгүл Төлегенова барын айтып едiм. Әлгi кемпiр басын кегжите:
– Кто она такая? – дегенде шалқамнан түсе жаздадым.
Өмiр бойы қазақ топырағында өскен олардың әлi күнге орыс телеарналарына телмiрiп, орыс тiлiнде шығатын газет-журналдарды парақтайтынын да көрiп жүрмiз.
Олардың Қазақстан тәуел­сiздiгiн iштей мойындамайтынын, қазақтың болашағына пысқырып та қарамайтынын, басын да ауырт­пайтынын сезгенде, жаның күй­зеледi екен.
 
Төрехан Ерназаров,
Шымкент қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті