1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №95 (15449) 26 қараша, бейсенбі 2009
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
26 қараша 2009
Түп-тамырына балта шабу керек

“Елiмiзде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүрiп жатыр” дейдi билiкте отырғандар. Шыны керек, жемқорға тағайындалған жаза әрiсi бес жылдан аспайды. Арада бiр-екi жыл өтпей-ақ үкiмет рақымшылық жасап, оларды түрмеден шығаратынына не дерсiң? Бiздегi сот жемқорды 3-4 жылға жазаға кескенмен, артында қалған мал-мүлiктi тәр­кiлегенiн естiмедiм. Әне, осындайда елден естiген бiр әңгiме есiме түседi.

Соғыстың ауыртпалығы қыз-келiншектерге, шал-шауқанға түскенi баршаға аян. Бiр күнi жасы егде тартқан қойшының әкесi дүниеден озыпты. Қойшы ешкi бағады екен. Содан жаназасына жиылған ел-жұртқа алдындағы ешкiнiң бiреуiн сойса керек. Мұны бiреу жоғарыға хабарлапты. Көп ұзамай үштiктiң адамдары келiп, әлгi қойшыны бес жыл түрмеге қамап, бала-шағасын жер аударған. Осыдан кейiн ешбiр қойшының рұқсатсыз қой союға батылы бар­мапты. Әне, жаза деп осыны айту керек.
Айтпақшы, ажырық деген арам шөп бар. Жердiң үстiндегi ажырықты қанша отасаң да бәрiбiр қаулап өсе бередi. Тек түп-тамырына балта тисе ғана жойылады. Халық қазынасын миллиондап-миллиардтап жымқырған жемқорға осындай жаза тағайындау лайық сияқты. Ел iшiнде мұртты көсемнiң әлi ұмытылмай жүргенi осындай жазалаудың салдарынан болса керек. Қытайда жемқорға өлiм жазасын таға­йындаудың да астарында үлкен мән жатыр-ау.
 
Т.ТӨРЕБАЙҰЛЫ,
Қарағанды қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті