1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №55 (15617) 14 шілде, бейсенбі 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
14 шілде 2011
Ауданымызда құл ұстайтындар бар

Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының халқы неге шеруге көп шығады? Менiңше, мұнай мен газдың 60-80 пайызын қытайлар билеп отыр, олар жергiлiктi халықты менсiнбей, өз адамдарын тықпалап, жергiлiктi халықтан кадрлар алмайды, алса да оларды шай-пұлдықпен алдайды. Осыларға басшылық жасап отырған шетелдiк компаниялар жауап беруi керек қой. Ал үкiмет басшыларының осыған келгенде үнi шықпайды...

Ауылда жұмыс жоқ, бала-шағасын асырау үшiн қалаға келiп, пәтер жалдап, қаңғып жүргендер көп. Мұндай жағдайлар бiздiң Шалқар ауданында да жеткiлiктi. Қалталылар коттедж, май құю стансаларын көбейтумен айналысады. Ал оның халыққа еш пайдасы жоқ. Баға болса шарықтап өсiп барады. Ал шеттен келген мұнайшыларға қосымша қаржы төлейдi, бiзге төлемейдi. Отырған жерiмiз, iшiп отырған суымыз бiр емес пе? Неге олай? Осыны шешетiн адам бар ма? Азық-түлiк шарықтап өсуде. Ет – 1800-2000 теңге. Әрине, бұл лауазымды адамдарға түк емес, себебi олардың айлығы ең аз дегенде 400-500 мың теңге.
Зейнеткерлердiң орташа табысы – 25-30 мың теңге. Жеткiзiп көр осы ақшаны! Тәуелсiздiктiң 20 жылдығында не көрдiк? Әрине, бәрi жаман дей алмаймыз. Бiрақ...
Ата-бабаның қорғаған жерiн әркiмге тараттық. Ол жердi ақшалы байлар мен шетелдiк компаниялар бөлiп алды, қарапайым халық осы күнге дейiн құл болып жүр. Басқа емес, бiздiң ауданымызда құл ұстап отырғандар бар. 
Болтай Төребай,
Шалқар ауданы,
Ақтөбе облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті