1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №55 (15617) 14 шілде, бейсенбі 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
14 шілде 2011
“Жетiм бұрыш” пана болмайды

“Жетiм бұрыш”, жертөле пәтер, арыстандай ақырған қожайын мен оған тәуелдi, пәрменсiз пәтершi туралы баспасөз беттерiнде жиi жазылып, әрқилы телеарналарда да жиi көрсетiлiп жүргенi жасырын емес. Алайда “баяғы жартас, сол жартас”.

Баспасөз беттерiндегi аянышты материалдар кiлең көр соқырларға, телеарналардағы шырқыраған шындықты айтып жатқандардың жан даусы кiлең тас кереңдерге ғана арналғандай әсер қалдыруда. Олай дей­тiнiмiз, селт еткен серпiлiс сезiлмейдi. Керiсiнше, Алматыдағы “жетiм бұрыш” аталып, қалың қауымға әбден танымал болған жердегi уақытша тұруға пәтер iздеу­шi баспанасыздар саны жылдан-жылға арта түсуде. Яғни, күн тәртiбiндегi өте өт­кiр тұрған бұл өзектi мә­селенiң жуық арада шешi­ле қоймайтыны белгiлi.
Бұл әрине, әлеуметтiк-экономикалық, демографиялық-психологиялық проблема ғана емес, қоғамдағы белгiлi бiр топтың басындағы қасiрет.
Ендеше, түйменiң инесiз күнi жоқ секiлдi, адамның баспанасыз күйi жоқ. Сондықтан да баспанасыз жүр­ген­дердi қаламызда баспанадан гөрi тойханалардың көп­теп салынатыны ерiк­сiз таңдандырады. Көз алдына баспананы елестете тұ­рып, мейрамхана құрылысына тел­мiре қарағаныңмен тоқ болмайсың, әрине. Осындайда Ал­матының әр бұрышында осынау зәулiм мейрамханаларды салып жатқан жорға мiн­ген бауырларымыздың бас­панасыз қара жаяу қан­дас­тарының жай-күйле­рiне назар аудармайтыны да ойландырады. Әйтпесе, сол қап­таған зәулiм мейрамханалар құрылысының орнына арзандау бағадағы тұрғын үй­лер салып, баспансыздарға сатуға немесе жалға беруге болмас па? Әлде олар оның тиiмсiздiгiнен қаша ма? Пайдалы болса, сөйтер едi ғой.
 
Болат Шайманұлы,
Қазақстан журналистер одағы сыйлығының иегерi.
Алматы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті