1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №53 (15615) 7 шілде, бейсенбі 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
7 шілде 2011
Ұлттық құндылықтарды қорғайтын комитет керек

Ата-бабаларымыз қалдырып кеткен қазақтың ұлттық құндылықтары ұшан-теңiз. Бiрақ көбi ұмытылған. Бiразы этнографтардың жазбаларында жүр. Қазiргi бiздiң көрiп, қолданып жүргенiмiз ұлттық құндылықтарымыздың жұрнағы ғана. Ендi осы жұрнағынан да айырылып қалу қаупi туындап тұр.

Марқұм, этнограф Жағда Бабалықов ақсақал “қазақтың ұлттық ойындарының өзi ғана 500-ге жетедi” деушi едi. Ал ұлттық тағамдарымыз одан да көп. Ұлттық құндылықтарымызға: ұлттық тағамдар, ұлттық ойындар, ою-өрнектер, тұрмыстық бұйымдар және тағы да басқа ата-бабаларымыз тұрмыста қолданып, мұра етiп қалдырып кеткен заттардың бәрi жатады. Мұның сыртында: жылқыны алғашқы қолға үйреткен қазақ халқы екенiн, алманың дүниеге таралған отаны Жетiсу өңiрi екенiн АҚШ пен ағылшын ғалымдары дәлелдеп отыр. Заманына қарай осылардың бәрiне халықаралық патент алып, келешек ұрпаққа мұра етiп қалдыру – бiздiң парызымыз.
Ұлттық құндылықтарымыздың қолды болып жатқаны туралы бұған дейiн де БАҚ-тарда жазылып, теледидардан айтылып жүрдi. Содан берi де бiраз ұлттық құндылықтарымызды басқалардың иемденiп алу ниеттерi байқалуда. Америкалықтар киiз үйге қызығушылық танытып жүр. Кейбiр шетелдiк сәншiлер өзде­рiнiң киiм үлгiлерiне қазақтың қос етек көйлегiнiң, ою-өрнегiнiң элементтерiн пайдаланып жүргенi байқалуда. Егер бiз әлi де “ұзын арқау, кең тұсауға” салына берсек, талай құндылықтарымыздан айырыларымыз хақ.
Дегенмен, депутаттарға бұл жағдай ендi ғана жеткен сияқты. Таяуда Мәжiлiс депутаты Динара Нөкетаева бұны парламентте көтердi. “Ештен кеш жақсы” деген. Бiрақ ҚР Әдiлет министрiнiң орынбасары Әмiрхан Аманбаевтың “қазақтың ұлттық құндылықтарына байланысты заң әлi дайын емес” дегенi iш жиғызады. Сонда заң қашан дайын болады? Ол заңды дайындағанша тағы 2-3 жыл күту керек пе? Бұл аралықта талай құндылықтарымыздан айырылып қалуымыз мүмкiн. Қазiр тұрмыстық жағдайлары бiзден нашар болса да, өзбектер қазы-қартаны, қырғыздар көкпарды өздерiнiң ұлттық құндылықтары деп халықаралық патент алып алған. Қаншама тұрмыстық қиындық көрiп жүрсе де, олар бiзге қарағанда болашағын көп ойлағаны ғой. Ал бiз, тоя жегенге мәз болып жүрмiз. “Израильдiк технология” деп, тамшылатып суғару әдiсiн қазiр миллиондаған ақшаға сатып алып жатырмыз. Бұл әдiстi өткен ғасырдың 80-жылдары Жамбыл гидромелиоративтi институтының ғалымдары ойлап тапқаны ендi белгiлi болды. Бiрақ дер кезiнде халықаралық патент алмағандықтан, бұл әдiстi қазақ ғалымдарынiкi деп ешкiм айтпайды. Ал израильдiктер патент алып, дүниеге өздерiнiң жаңалығы деп жар салып, сатып миллиардтаған пайда тауып жатыр. Бiз осылай мәңгiрiп жүре берсек, әлi талай дүниемiзден айырыламыз.
Қазақтың ұшан-теңiз ұлт­тық құндылықтарын бiр ми­нистр­лiк атқара алмайды. Бұл – көлемдi жұмыс. Бұл әрi өздерiнiң тiкелей мiндетi болмағандықтан көңiл қойып iсте­мейдi. Халықаралық патент алу үшiн, ол алдымен өзiмiзде стандартталуы керек. Мысалы, қазақ үйдiң өзiне жеке патент алуы керек. Сондай-ақ, оның әрбiр құрамдас бөлiгiне: кереге, уық, шаңырақ, ши, туырлық, басқұр сияқты бөлшектерiне жеке-жеке патент алуы керек. Себебi, осы бөлшектерге басқалар патент алып “бiз ойлап тапқан затты қазақтар құрастырып үй тiктi” деп дауласуы мүмкiн. Сол сияқты бесiктiң өзiне және әрбiр құрамдас бөлшегiне жеке-жеке патент алу қажет.
Ұлттық құндылықтарымыз сан-салалы. Бiреуi тамақ өнеркәсiбiне байланысты болса, ендi бiрi мәде­ниетке, үшiншiсi мал шаруашылығына байланысты. Сондықтан ұлттық құндылықтарымызды стандарттауға министрлiктерге тапсырма берiп, халықаралық патентпен жүйелi, тиянақты айналысу үшiн ұлттық құндылықтарға халықаралық патент алуды дайындайтын комитет құру керек. Бұл комитет тiкелей премьер-министрге бағынғаны жөн. Бұл комитет ұлттық құндылықтарымыздың саласы бойынша сол сала митнистрлiктерiне стандарт жасауды тапсырып, оның уақытында орындалуын бақылап, талап ете алатын, тапсырманы уақытында орындамаған министрлiк пен министрдi жазалай алатын құзыры болғаны абзал. Әйтпесе министрлiктер “тапсырманы биыл алдық, келер жылы стандарттап беремiз” деп уақытты созып жүрiп алуы мүмкiн. Ал қазiр уақытты созуға уақыт жоқ. Кеш қаламыз. Бұл комитеттiң құрамында тарихшылар, этнографтар болуы шарт. Олар ұлттық құндылықтардың патентке дайындалу сапасын тексеретiн болады.
Назарахмет Қали,
Алматы қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті