1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №49 (15611) 23 маусым, бейсенбі 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
23 маусым 2011
Қадағалау өндiрiсiн қозғаудан бас тартты

Айсұлу Жақыпованың биыл­ғы жылдың 31 мамыр күнгi санында “Жас Алаш” га­зетiне шыққан “Жалған куә ұлым­ды жарға жықты” (...ұлын есiрткiнi заңсыз иемденген, сақтаған және өткiзген деп айыптап, қамапты) атты мақаласы бо­йынша төмендегiнi хабарлаймыз:

Оңтүстiк Қазақстан облысының қылмыстық iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сотының 19 қараша 2010 жылғы үкiмiмен ­Л.А.Тұяқов пен А.С.Досов   ҚР ҚК-нiң 259-бабы, 3-бөлiгi бойынша “а, б, в” тармақтарымен кiнәлi деп танылып, әрқайсысының жеке мүлiктерi тәркiленiп, 10 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.
Оңтүстiк Қазақстан облыстық соты апелляциялық алқасының осы жылдың ­ 1 ақпан айындағы қаулысымен сотталғандар Л.А.Тұяқов пен А.С.Досов жөнiндегi соттың үкiмi өзгерiссiз қалдырылған, үкiм заңды күшiне енген.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық iстер жүргiзу қадағалаушы сот алқасының 6 мамыр 2011 жылғы қаулысымен қорғаушы М.Исабековтiң сотталған Л.Тұяқовтың мүддесiн қорғау мақсатымен түсiрген өтiнiшi бойынша қадағалау өндiрiсiн қозғаудан бас тартыл­ған.
Е.У.Қарабаев,
Оңтүстiк Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот алқа төрағасы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті