1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №49 (15611) 23 маусым, бейсенбі 2011
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
23 маусым 2011
Депутаттарға айтар датым бар

Одақ тарқап, егемендiк алдық. Жылжитын, жылжымайтын мүлiктер талан-тараж­ға түстi. Ауылды, ауданды, облысты, республиканы басқарып, оң мен солын түгендеп отырғандар ешкiмге сыр шашпай, ертерек ұмтылып, ортақ мүлiктердiң жарамдысын, жақсысын қамтып қалды. Егемендiк дегеннен, нарық заманынан бейхабар жұмысшылар техниканың тұрып қалғанын амалсыз алды. Тұрып қалған техниканы жөндеу қажет болды, ал кейбiреулерi тiптен жөндеуге келмейтiн жағдайда едi. Сол жұмысшыларға тиген ескi-құсқы тракторлар, көлiктер осы күнге дейiн бiр күн жүрсе, екi күн тоқтап тұрады. Бiразы есiктерiнiң алдында қаңқайып тұр. Босқа салық төлеп, шығындалып отыр. 

Әрине, өзiнiң жекемен­шiк шаруасына техника жалдаушылар есiктiң алдында қаңтарулы тұрғандарына емес, трактордың жаңасына, жарамдысына ұмтылады. Әсiресе, самосвалдарды жал­дайды. Ал епетейсiз “ЗиЛ”, “Газ-53”, “Газ-52” бортты машиналарға ешкiм жоламайды. 2008 жылға дейiн КСРО-да шыққан машиналардың зауыттан шыққан жылына қарай салық төлейтiн. Депутаттар 2010 жылдан бастап ауыл шаруашылығы машиналарының ескi, жаңасына, маркасына қарамай салықты бәрiне бiрдей салуды жөн көрiптi. Зауыттан шыққанына 20-25 жыл болған, Кеңес одағы кезiнде үкiметтiкi деп аяусыз сiлiкпесiн шығарған техникалар жаңа техниканың атқарған жұмысын атқара ала ма? Салық төлеу үшiн ол техникалар табыс табу керек емес пе?
Құрметтi депутат мырзалар! Сiздер ауылдағылардың көрген күнiн, қиындығын, техниканың ескi-жаңасын, олардың жағдайын бiлмей “топқа береке” дегендерiңiз­ге түсiне алмадым. Араларыңызда облысты, ауданды, совхоздарды басқарғандар да бар, олардың ауыл халқы үшiн басын ауыртқысы келмеген сияқты. Қазiр тракторлардың, автомашиналардың, басқа да ауыл шаруашылық техникалардың бөл­шектерiнiң бағасы жоғарылап кеттi. Ең болмаса, осы жағын ескергендерiңiз  өте орынды болар едi.
 
Сүлеймен БЕКЕНОВ,
Жаңақорған ауданы,
Қызылорда облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті